Референдум-2024: Алматыда дауыс беруге арналған сайлау учаскелері ашылды

Алғаш боп дауыс бергендерге тәтті сыйлықтар берілді

Malim Админ

  • 06.10.2024

Қазақстандағы АЭС құрылысына қатысты республикалық референдумда Алматыда барлық 624 сайлау учаскесі ашылды. М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар колледжінде орналасқан №84 сайлау учаскесі таңғы 07:00-де есігін айқара ашты. Онда сайлау бюллетеньдерін беру орны, құпия дауыс беруге арналған кабиналар және стационарлық мөлдір жәшік орнатылған, деп хабарлайды Malim.kz.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, сайлау учаскесі ашылғанға дейін-ақ азаматтық парызын өтеуге келгендердің қарасы көп болды. Қалыптасқан дәстүр бойынша учаскеде алғашқы сайлаушыларға символикалық сыйлықтар берілді.

Бүгін алғашқы болып дауыс бергендерге тәтті сыйлықтар берілді. Сондай-ақ, алғаш рет референдумға келгендерді де марапаттадық. Жалпы, атмосфера салтанатты, сайлау үдерісінің ыңғайлылығы үшін барлық жағдай жасалған, деді №84 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Ғалымжан Әшірбаев.

Оның айтуынша, бұл учаскеде 1469 адам тіркелген, оның ішінде 217 адам алғаш рет дауыс берген.

Алматылық Қазыбек Әліханов үшін референдум күні туған күнімен сәйкес келді. Сондай-ақ, учаскеде 279 зейнеткер және ерекше қажеттілігі бар 9 адам тіркелген, оларға арнайы кабиналар қарастырылған. Есту қабілеті нашар тұрғындар құлаққаппен жабдықталған компьютерді пайдалана алады. Көру қабілеті нашар адамдар үшін Брайль қарпімен жазылған арнайы бюллетеньдер, қосымша жарық және лупалар бар. Сонымен қатар, онлайн режимде сурдоаудармашылар кезекпен жұмыс істейді.

Менің ойымша, референдумға қатысу – әрбір азаматтың борышы. АЭС салу мәселесі өте маңызды. Интернеттен жаңалықтар мен пікірлерді оқу бір бөлек, ал таңдау жасап, өз дауысыңды беру мүлде басқа, деп алматылық Максим Горбачев ойын айтты.

Ең белсенді қала тұрғындары таңдауын жасап үлгерді.

Мемлекеттің дамуына үлес қосуға бізде бірегей мүмкіндік бар. Оны пайдалануымыз керек!, деді сайлаушы Данияр Ысқақов.

Айта кету керек, егер сайлаушылар белгілі себеппен учаскеге келе алмаса, комиссия мүшелері жылжымалы жәшікпен үйлеріне барады.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан аумағында атом электр станциясын салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Алматы әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге таңертең №388 мектеп-лицейінде орналасқан сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. Қаладағы сайлау учаскелері сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Байланысты жаналықтар

«Тосынсый жасағым келеді». Мәдина Сәдуақасова қымбат пәтер сатып алғанын айтты

02.04.2025

Астана-Алматы бағытындағы пойыз енді Шу станциясына тоқтамайды

01.04.2025

Алматыдан 178 шақырым қашықта жер сілкінді

31.03.2025

Тоқаев Алматы әкіміне қандай тапсырмалар берді?

30.03.2025

Тоқаев Мирзиёевті шығарып салды

29.03.2025

Алматыға Шавкат Мирзиёев келді

29.03.2025
MalimBlocks
«Тосынсый жасағым келеді». Мәдина Сәдуақасова қымбат пәтер сатып алғанын айтты

Өнер иесі пәтерді жақын адамына сыйламақ.

Астана-Алматы бағытындағы пойыз енді Шу станциясына тоқтамайды

Алматыдан 178 шақырым қашықта жер сілкінді

Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстандағы жер сілкінісін тіркеді

Тоқаев Алматы әкіміне қандай тапсырмалар берді?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары кезінде қала әкімі Ерболат Досаевқа шаһарды жарықтандыру, пәтерлерге суды уақтылы және толық беру, көшелер мен аулаларды абаттандыру бойынша бірқатар тапсырма берді

Тоқаев Мирзиёевті шығарып салды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев​​​​​​​тің Қазақстанға жұмыс сапары аяқталды

Алматыға Шавкат Мирзиёев келді