Салтанат өлім аузында жатқанда жеке жедел жәрдем шақыруды ұсынған дәрігер жауап берді

Ерсұлтан Сәрсенбаев «Ана мен бала» орталығының дәрігер-реаниматологы.

Malim Админ

  • 18.04.2024

Астанада әйелін аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Бүгін сотта дәрігер-неонатолог Ерсұлтан Сәрсенбаев жауап берді. Оған 2023 жылдың 9 қарашасында түстен кейін Салтанат әл үстінде жатқанда Байжанов қоңырау шалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Куәгердің жауабы

Ерсұлтан Сәрсенбаев «Ана мен бала» орталығының дәрігер-реаниматологы. 2023 жылдың қазан айында, қайғылы оқиғадан он шақты күн бұрын Бақытжан Байжановпен танысқан.

9 қарашада түстен кейін ұйықтап жатқанымда маған Бақытжан қоңырау шалып, «адам мас кезінде ұзақ ұйықтауы мүмкін бе?» деп сұрады. «Жеңеше масайып, ұйықтап қалды» деді. Қаншалықты ішкенін сұрап едім, «таңертеңге дейін» деді. «Мен нарколог емеспін, бірақ масайған кезде ол да қауіпті, жедел жәрдем шақырыңдар» деп айттым. Оянғасын Бақытжанға қоңырау шалып, не болды деп сұрадым. Бақытжан әлі ұйықтап жатқанын айтты. «Бақытжан, оның жағдайы жақсы ма өзі? Төбелес болды ма?» деп сұрадым. Бақытжан «бір көзі қызарған, таңға дейін ішкен» деді. 

Бақытжан «бізге келіп, қарай аласың ба?» деді. Мен келе алмайтынымды айттым. «Сен жедел жәрдем шақыра аласың, Қазақстанда жеке жедел жәрдем де бар» дедім. Осыдан кейін әңгіме болған жоқ. Кешке қоңырау шалды ғой деймін. Мен жұмыста болдым. Мен сол кезде «жұмыстамын, жедел жәрдем шақырыңдар» дедім. Білуімше, 40 мың теңгеге жеке жедел жәрдем келетінін бәрі білетін шығар, – дейді ол.

Ерсұлтан Сәрсенбаев Бақытжан Байжановқа “көп ішкен де қауіпті” екенін ескерткенін айтады. Байжанов нашатыр спиртін алуға Ерсұлтан Сәрсенбаев кеңес бермегенін айтты. Байжанов оған жеңгесінің қорылдап жатқанын айтқанын жеткізді. Сұрақ-жауап барысында прокурор Сәрсенбаевтың тергеу кезінде берген жауабын оқып, “жеңгесі мен ағасының салғыласқанын, жеңгесінің көзі қызарғанын айтты” деген сөзін есіне салды. Сәрсенбаев тергеу кезінде берген жауабын растады.

Сәрсенбаев Байжанов Бишімбаевтың бауыры болғанынан, шын мәнінде Гастро-орталықтың иесі Бишімбаев екенінен хабарсыз болғанын айтады.

Фото: видеодан скрин

Байланысты жаналықтар

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

19.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

13.05.2025
MalimBlocks
Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды