Саран қаласының әкімі қызметінен босатылды

Арман Қайыпхан

  • 29.10.2024

Қарағанды облысындағы Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов қызметінен босатылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыс әкімдігінің мәлімдеуінше, бұл шешім жылыту маусымының бұзылуына байланысты қабылданды.

Қала әкімі қызметін уақытша атқарушы болып Баулықовтың бұрынғы орынбасары Максат Қайрешов тағайындалды.

Саран тұрғындары 13 қазанда сыртқы ауа температурасы 0 градус болған кезде жылусыз қалды. Сол уақытта әкімдікте қаладағы жаңа орталық қазандықтағы технологиялық ақаулар туралы хабарланды.

17 қазанда Энергетика министрі тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың жылу жүйесіне қосылғанын мәлімдеді.

28 қазанда Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов пен Қарағанды облысының энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Тлектес Досаев жылыту мәселесіне байланысты қатаң сөгіс алды.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

16.04.2025

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025
MalimBlocks
Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты