Семейде жолаушы автобус жүргізушісін ұрып тастады

Семей қаласында №2 маршруттағы қоғамдық көлікте жолаушы автобус жүргізушісіне шабуыл жасап, оны беттен ұрып жіберген, деп хабарлайды Malim.kz.
Оқиға кезінде автобуста жолаушылар болған. Құқық бұзушы анықталды.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан ер адамның автобус жүргізушісіне айқайлап, артынан онықрып жатқаны көрінеді. Жанжал №2 бағыттағы автобуста, шамамен күндізгі сағат 13:00-де болған. Басқа жолаушылар жүргізушіге араша түскен. Бірақ, құқық бұзушы автобус ішінен шықса да бейәдеп қимылдар көрсетуді жалғастырған.
Абай облыстық полиция департаменті оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады.
Құқық бұзушының жеке тұлғасы анықталды. Ол 45 жастағы Семей қаласының тұрғыны. Қазіргі уақытта оны ұстау бойынша жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Бұл жағдай барлық жолаушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретін оқиға. Жүргізушілерге шабуыл жасау және қоғамдық тәртіпті бұзу әрекеттері қатаң түрде жазаланады», – делінген департамент хабарламасында.


Ең көп оқылған
