«Сені ешкім қабылдамайды»: Роза Әшірбаева жұмыссыз әйелдерді сынады
Коуч мұндай әйелдер далада қалатынын ескертті.
Танымал коуч Роза Әшірбаева күйеуіне ғана сеніп үйде жұмыссыз отыратын әйелдерге үндеу жасады, деп хабарлайды Malim.kz.
Ол күйеуінен қорлық көрген әйелдер туыстарына да керек емес екендігін, тиісінше олар далада қалатынын алға тартты.
«Мен күйеуге тиіп, ешқашан жұмыс істемеймін» дейтін әйелдерді түсінбеймін. Сен – мақтабассың! Қазіргі кезде дағдарыс орталықтарында жүрген әйелдердің көпшілігі жұмыс істемейді. Ол не үшін дағдарыс орталығында жүр?! Өйткені оның күйеуі оны үйден қуып жіберген кезде оны бала-шағасымен ешбір туысқаны, досы қабылдаған жоқ. Ешкім қабылдаған жоқ, қабылдамайды да. Сен өзіңді өзің асырай алмайсың. Осы үш нәрсе әйелден ешқашан бас тартпайды. Үш нәрсе сені үйден қуып шықпайды. Үш нәрсе көзіңе шөп салмайды. Ол сенің өз пәтерің, сенің ақшаң және сенің жұмысың, деді коуч.
Фото: instagram.com/roza.coach