Шетелден қайтарылған ақшаға 89 мектеп салынып жатыр

Арман Қайыпхан

  • 30.04.2025

Активтерді қайтару бойынша жұмыстар жалғаса береді, деп жазады Malim.kz.

"Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры" арқылы қайтарылған 153,3 млрд теңге есебінен 89 мектептің құрылысына қаржы бөлінді.

Осы 89 мектептің 61-і (74,4 мың орын) салынып, пайдалануға берілді, оның 29-ы ауылдық жерлерде орналасқан, деп мәлімдеді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Бигайдаров.

Бұл шара 6 үш ауысымды, 2 апатты және 1 тозығы жеткен мектептің мәселесін шешуге мүмкіндік берді. Былтыр 25 жаңа мектеп салынды, олардың басым бөлігі Астана қаласында, сондай-ақ Маңғыстау, Алматы және Жамбыл облыстарында орналасқан. Барлық білім беру ұйымдары заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіліп, оқушылар үшін қолайлы жағдай жасалған, – деді ресми өкіл.

Биыл 22 мың оқушыға арналған тағы 28 мектептің құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Қаржыландырудың өзге көзі "Арнаулы мемлекеттік қор" болып табылады, ол мемлекет меншігіне қайтарылған мүлікті сатудан алынған түсімдер мен қаражат есебінен, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет күштерімен толықтырылады.

Ақшаның бір бөлігі ауылдық жерлердегі 7 мектепті (Атырау, Түркістан облыстарында, Жетісу және Ұлытау облыстарында), 2 спорт кешенін (Ақмола және Алматы облыстарында), 1 жатақхананы (Шымкент қаласында) және 2 балабақшаны (Ақтөбе және Петропавл қалаларында) қоса алғанда, 12 нысан салуға бағытталды.

Сонымен қатар, елордада Арнайы мемлекеттік қор қаражатына Қ. Мұнайтпасова атындағы 3598 орындық жаңа стадион салынады.

Сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы 105 нысан (Риддер қаласындағы көпфункционалды аурухана кешені, жедел жәрдем станциялары, медициналық пункттер, дәрігерлік амбулаториялар, зертханалар), 162 сумен жабдықтау жүйелері (су құбыры және тарату желілері, су тарту және қысым-реттеу құрылыстары) мақұлданды. 

Арнайы мемлекеттік қордан еліміздің әртүрлі өңірлерінде 223,9 млрд теңгеге 280-ге жуық әлеуметтік маңызы бар нысандарды инвестициялауға қолдау көрсетілді.

Айта кетейік, 2022 жылдан бері мемлекетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 1 триллион 130 миллиард теңгеден астам актив қайтарылды. Активтердің едәуір бөлігі – 670 миллион АҚШ доллары шетелден қайтқан.

Фото: primeminister.kz

Байланысты жаналықтар

Биыл соңғы қоңырау қашан соғылады?

02.05.2025

Қазақстан 1,13 трлн теңге заңсыз шығарылған актив пен қаржыны қайтарды

30.04.2025

Желіде бір оқушы басқа балаларды аяусыз ұрып жатқан видеосы тарады

29.04.2025

1 қыркүйектен бастап мектеп асханаларында өзгеріс болады

24.04.2025

1 қыркүйектен бастап мектеп асханаларында тағы өзгеріс болады

24.04.2025

1-сыныпқа қабылданған 70 пайыз бала қазақ тілінде білім алуды таңдаған

18.04.2025
MalimBlocks
Биыл соңғы қоңырау қашан соғылады?

Қазақстан 1,13 трлн теңге заңсыз шығарылған актив пен қаржыны қайтарды

Желіде бір оқушы басқа балаларды аяусыз ұрып жатқан видеосы тарады

1 қыркүйектен бастап мектеп асханаларында өзгеріс болады

1 қыркүйектен бастап мектеп асханаларында тағы өзгеріс болады

1-сыныпқа қабылданған 70 пайыз бала қазақ тілінде білім алуды таңдаған

Оқу-ағарту министрлігінің айтуынша, 1-сыныпқа 119 мың бала қабылданған