Шетелдерде оқыған діндарлар кімнің сойылын соғып жүр? Дінтанушы Кеңшілік Тышқанұлы

Өткенде, атап көрсеткен себептерден басқа себеппен бетті тұмшалауға тыйым салу туралы заң қызу талқыға түсті. Бұл заңның діни астары бар деушілер көп. Сөйтіп, біз тағы да – адам құқығы мен мемлекет мүддесі астасатын тұсқа келдік.
Осы тақырыптағы шашыранды ойларды бір пысықтап алу үшін дінтанушы Кеңшілік Тышқанұлына жүгіндік. Онымен сұхбатты Malim.Подкастан көруіңізге болады.
Бетті тұмшалау хақында
Діни амалдар мен ғұрыпты сақтаудың жөні осы екен деп, бетін бүркеп жүретіндер бар. Ендеше, оның кім екені белгісіз. Қылмыскер болып шығуы әбден мүмкін. Мұндай жағдайлар әлемде кездесіп жатады. Мысалы, әйелдің киімін киіп алған адам қылмыскер болып шығып жатады. Мемлекет ондай заң қабылдарда шариғатқа да жүгініп, дін істері басқармасы сарапшыларының да пікірімен де санасты деп ойлаймын. Біз отыз жыл ешкімнің қолын қаққан жоқпыз. Енді, болжалды қылмыстардың алдын алу үшін әбден керек заң.
Мектептер қақтығысы
Шетелде діни сауат ашып келгендердің түрлі мектеп өкілдері екенін естен шығармайық. Бірі Мысырдан, бірі Пәкістаннан, бірі Түркиядан оқып келген діндарлардың арасында әйтеуір қайшылық болады. Себебі, олар тәмамдаған мектептердің ағымдары әр түрлі. Елдің арасына жік салғанымен қоймай, мұның түбінде тіпті ащы жайт бар. Діни диспутшылардың көбі осы уақытқа дейін бар болғаны – байлыққа таласқан алпауыттардың қолжаулығы болғанын кеш түсініп жатады.


Ең көп оқылған
