Сотта Айтбек Амангелді марқұм қарындасы Салтанат Нүкеновамен жазысқан хаттарын оқыды

Сотта Салтанат Нүкенованың ағасы екеуі жазысқан хаттарын оқып берді, деп мәлімдейді Malim.kz.

Malim Админ

  • 29.03.2024

Айтбек Амангелді қарындасы Бишімбаевтан бірінші рет таяқ жегеннен кейін қатты уайымдап, оған басынан өткеріп жатқан шынайы жағдайды түсінуге көмектесу үшін психолог тауып берген. 

 

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында көмектесетін жақсы психолог. Сен оны жақсы көретінің маңызды емес. Түсінші, сен алдымен өзіңді жақсы көруің керек. Ол сені бір емес, бірнеше рет ұрды ғой. Уақыт тауып баршы. Атыңды өзгертуіңе болады. Психологқа бар. Психолог саған ондай адамнан кету керегін айтады. Бұлай жалғаса беретін болса, сені өлтіріп тынады», – деп оқыды Айтбек Амангелді хат алмасудан.

 

«...Одан кемінде 1 айға кетіп, бақытты өмірдің қандай болатынын есіңе түсірші. Одан кейін қайтып барғың келмейтін болады. Өткен жолы ол адамға өзіңді жібермеуді өтіндің ғой. Өтінем, дәл қазір кетіп қалшы. Мен сен үшін барлығын істеймін... Сен оның жанында түрмеде жүргендейсің. Сенің қауіпсіз екеніңе көз жеткізбейінше, мен өмір сүре алмаймын...», - деп Айтбек көз жасына ерік берді. 

 

«...Ол мені жақсы көреді және мен үшін бәрін істейді. Барлық отбасында түрлі жағдайлар болады. Мен психологпен жұмыс істеп жүрмін. Бәрі жақсы. Ол тырысып жүр. Оның өмірі оңай болмады. Бірақ менің армандарымды орындайды... Мен одан кетпеймін. Біз бәрін бірге шешеміз», - деп жауап берген Салтанат. 

 

«Жұдырықпен қорғап жүр ме?», - деп ағасы сұраған. «Ештеме етпейді, мен кінәлімін барлығына, өзім ушықтардым», - деп жазған Нүкенова. 

Фото: интернеттен