457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

СҚО-да 10 мың тұрғыны бар ауыл сусыз қалды

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданына қарасты Саумалкөл ауылында тұрғындар сусыз қалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Мамыр айының соңынан бері елдімекенге ауыз су беру тоқтатылған. Бұған су таратушы бұрынғы «Саумалкөл жылу» кәсіпорнының қарызы себеп болған. Аталған компания бүгінде жабылып кеткен.

Ауа температурасы көтеріліп, аптап ыстық орнаған тұста аудан орталығы саналатын ауылдың 10 мыңға жуық тұрғыны ауыз сусыз қалды. Су жоқтығына байланысты балабақшалар уақытша жабылатынын хабарлаған. Себебі санитарлық талаптарды сақтау мүмкін болмай отыр.

Жергілікті билік орындары жағдайдың маңыздылығына қарамастан ресми түсініктеме беруден тартынып отыр. Ақпараттың жоқтығы халық арасында алаңдаушылық пен наразылық туғызып, күнделікті тіршілікті қиындатып отыр.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері инфекциялық аурулардың таралу қаупі бар екенін айтып, тұрғындарға тек сенімді су көздерін пайдалануға кеңес беруде.

Фото: видеодан скрин