ШҚО-дағы бір кенттің халқы жарықсыз қалды

Кенттегі жоғары вольтты кабель зақымданған

Malim Админ

  • 05.12.2024

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы Жаңа Бұқтырма ауылында кеше кабельде ақау шығуы салдарынан тұрғындар жарықсыз әрі жылусыз қалған.

Белгілі болғандай, кенттегі жоғары вольтты кабель зақымданған. Соның салдарынан 4 желтоқсанда кешкі уақытта 3320 абонент жарықсыз қалды. Сондай-ақ электр қуатының өшуі салдарынан желіге қосылған кабельде қысқа тұйықталу болып, кентті жылумен қамтамасыз етіп тұрған қазандықтағы электр сорғы өшіп қалды. Осылайша, тұрғындардың үйлері суып кетті.

Алтай ауданы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, сағат 23.00-де қазандықты резервтік кабельге ауыстыру арқылы жылумен жабдықтау мәселесі шешілді.

– Қазіргі уақытта жарықты қайта қосу үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жоғары вольтты кабельдің зақымданған жерін анықтау үшін ауылға электр зертханасы шақырылды. Анықталған соң бірден қалыпқа келтіріледі, - делінген ақпаратта.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

16.05.2025

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

15.05.2025

Үлкен Нарын ауылында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі

15.05.2025

Өскеменде Сағадат Нұрмағамбетовтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті

07.05.2025

ШҚО-да өрт қауіпсіздігін сақтамағандар жауапқа тартылды

07.05.2025

Шығыстың қалқаны: ШҚО әкімі Серебрянскіде аңызға айналған әскери бөлімде болды

06.05.2025
MalimBlocks
ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды