Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Судья Бишімбаевтың екі адвокатын сот залына кіргізбей қойды

Қоғам
Судья Бишімбаевтың екі адвокатын сот залына кіргізбей қойды

Судья Айжан Кульбаева Қуандық Бишімбаевтың сот отырысында екі адвокатты сот залына кіргізбей қойды, деп хабарлайды El.kz.

Бүгінгі сот отырысында Қуандық Бишімбаевтың қорғаушысы Ерлан Ғазымжанов жалғыз өзі қатысып отыр. Адвокат Лейла Рамазанова мен Назкен Құсайынова сотқа кешігіп келген.

Бұған дейінгі сот отырыстарында сотқа кешігіп келуге болмайтыны бірнеше рет ескертілген болатын. Сот отырысы 9.30-да басталатынын біле тұра қорғаушылар кешігіп келді. Сондықтан олар сот залына кіре алмайды. Үзіліс жарияланған кезде олар сотқа қосыла алады, - дейді судья. 

Айта кетейік, 10 сәуірде өткен сот отырысында адвокат Назкен Құсайынова судьядан бүгінгі отырысты сағат 10.00-ге ауыстыруға рұқсат сұрап, тағы бір процеске қатысатынын түсіндірді. Судья оның өтінішін қабылдаудан бас тартты.

Фото: Жоғарғы сот

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу