457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Шымкент қаласының бас сәулетшісі ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Шымкент қаласының бас сәулетшісі Арман Абдешовтің ұсталғанын растады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазіргі таңда ҰҚК баспасөз қызметі тергеудің мән-жайын нақтыламай, тек шенеуніктің ұсталған фактісін ғана растап отыр.

«Аталған факті бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды», – делінген комитеттің хабарламасында.

Айта кетейік, бүгін Шымкентте қала әкімінің орынбасары Сарсен Құранбек қатысқан апталық брифинг өтті. Журналистер одан Шымкенттің бас сәулетшісі Арман Абдешовтің ұсталғанына қатысты пікір білдіруін сұрады.

«Иә, әлеуметтік желіде мұндай ақпарат (Абдешовтің ұсталғаны – ред.) тарап жатыр. Бұл мәлімет азаматтың Шымкент қаласындағы мемлекеттік қызметіне қатысы жоқ екенін, оның бұрынғы жұмысына байланысты екенін мәлімдейміз», – деді брифинг барысында Шымкент әкімінің орынбасары.

Фото: gov.kz