Шымкентте «Мың жүйрік» байқауы ұйымдастырылды

Арман Қайыпхан

  • 10.12.2024

Бүгін Шымкенттегі «Достық үйінде» этнос балалары арасында қазақ тілін ілгерілетуге арналған «Мың жүйрік» байқауы қорытындыланды.

Биыл төртінші рет ұйымдастырылған республикалық байқауда 600-ден астам үміткер бақ сынап, мемлекеттік тілді еркін меңгергенін жұртшылыққа паш етті.

Марапаттау рәсімінде Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Нұркен Әлімқұлов мемлекеттік тілді дәріптеуді көздеген байқаудың мақсат-міндетіне айрықша тоқталды.

Мемлекеттік тілді білу – баршаға міндет. Тілдің маңызын арттырып қана қоймай, оны өскелең ұрпақ бойына дарыту бізге жүктелген парыз.

Биыл «Мың жүйрік» ағартушылық байқауы төртінші рет өткізіліп отыр. Жобаға қызығушылар саны жылдан-жылға саны артып келеді. Мәселен, 2021 жылы байқауда жүзге жуық жасөспірім бақ сынаса, биыл байқауға қатысуға ниет білдіргендер саны 600-ден асып отыр. Бұл – осынша баланың қазақ ертегілерін тыңдап, мақал-мәтелін, өлеңін оқуға деген ықылас-ынтасы жоғары екенін білдіреді, – деді Нұркен Құрманұлы.  
12 қараша мен 4 желтоқсан аралығында байқауға онлайн форматта келіп түскен жұмыстарды сараптаған қазылар алқасы кіл мықтыларды іздеп, жүзден жүйрік шыққандарды анықтады. Қазылар алқасының шешімімен:
Карина Ефремова (жетекшісі А.Сайтмұратова) Жамбыл облысы Жуалы ауданы «Нұрлы ұрпақ» балалар бақшасының тәрбиеленушісі;
Одина Мұратбекова (жетекшісі  Г.Тілеуберлина) Түркістан облысы Төлеби ауданы Зағамбар ауылы 6-сынып оқушысы;
Зейнеп Орынбасарова (жетекшісі Ш.Эргешова) Түркістан облысы Кентау қаласы Ө.Жәнібеков атындағы көпсалалы мектеп-гимназияның 3-сынып оқушысы;
Азизбек Иззатуллаев (жетекшісі М.Ибрагимова) Түркістан облысы Сайрам ауданы  №75 негізгі орта мектептің 4-сынып оқушысы;
Алина Кузыченко (жетекшісі А.Мукамжарова) Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласы;
Глеб Матлашов (жетекшісі Р.Молдакулова) Талдықорған қаласы Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы;
Диас Кусанбай (жетекшісі Г.Тюляпова) Жамбыл облысы Меркі ауданы 
№18 А.Қосанұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің 6-сынып оқушысы; 
Муслим Узденов (жетекшісі Ж.Худжанова) Ақмола облысы Ерейментау ауданы Өлеңті ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің 6- сынып оқушысы;
Назминахан Рустемова (жетекшісі Г.Маймакова) Шымкент қаласы Ұлықбек атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 5-сынып  оқушысы; 
Вера Салахова (жетекшісі Н.Оспанова) Түркістан облысы Арыс қаласы В.Комаров атындағы №8 жалпы білім беретін мектептің 5-сынып оқушысы жеңімпаз деп танылып, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 
Айта кетейік, «Мың жүйрік» ағартушылық байқауы мемлекеттік тілді этнос балалары арасында дәріптеу мақсатында Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен соңғы төрт жылда тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Байланысты жаналықтар

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

16.04.2025
MalimBlocks
Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

2025 жылы еліміз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеді.