Шымкентте үшем дүниеге келді

Дәрігерлер кесарь тілігі арқылы ота жасап, босандырып алған

Malim Админ

  • 06.02.2025

Шымкенттің 22 жастағы тұрғыны Жамиля 2 ұл, 1 қызды дүниеге әкелді,-деп хабарлайды Malim.kz. 


Нәрестелердің салмағы 2 770, 2 410 және 2 095 грамм болды. Бұл – отбасындағы тұңғыш сәбилер. 

Дәрігерлер кесарь тілігі арқылы ота жасап, босандырып алған.

Мерзімінен бұрын дүние есігін ашқан нәрестелерге жансақтау бөлімінің мамандары тарапынан ерекше күтім жасалды. Қазіргі таңда жағдайлары бірқалыпты. 

Биылғы алғашқы үшем мен анасын дәрігерлер бүгін перзентханадан салтанатты түрде шығарып салды. 

Айта кетейік, 2024 жылы Шымкентте 28 936 сәби дүниеге келген – 14 837 ұл бала және 14 099 қыз бала.

Фото: Шымкент денсаулық сақтау басқармасы

 

 

Байланысты жаналықтар

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

16.04.2025
MalimBlocks
Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

2025 жылы еліміз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеді.