«Тақиялы періште» фильміндегі Тайлақтың прототипі өмірден озды

Арман Қайыпхан

  • 04.02.2025

«Тақиялы періште» фильміне арқау болған кейіпкер Сакко Қаратаев дүниеден озды. Бұл туралы журналист Дархан Өмірбек Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

«Нағыз «тақиялы періште» дүниеден озды.

«Тақиялы періште» фильмінің желісі өмірде болған оқиға екенін білесіз бе? Тек кейіпкерлерінің аты Тана емес Айнагүл, Тайлақ емес Сакко.

Сакко – жеті баланың кенжесі. Екі ағасы, төрт әпкесі болған. Екі ұлын ұяға, төрт қызын қияға қондырған анасы жуас кенжесі үйленбей қала ма деп уайымдап, іске кіріскен. Мұның бәрі қалай киноға айналды дейсіз бе? Айнагүл апаның бір қызы режиссер Кәукен Кенжетаевқа тұрмысқа шыққан. Ал ол енесі мен қайын інісінің хикаясын ағасы Шәкен Аймановқа әңгімелеп берген», - деп жазады журналист.

Дархан Өмірбектің айтуынша, Сакконың қызы Әлия Балапанова өзінің ұстазы болған. Ол 2014 жылы осы оқиғаның қалай фильмге айналғанын айтқан.

«Шәкен бұл әңгімені естігенде қатты күліп, Айнакеңнің қимылына риза болған. Көп ұзамай Шәкеннің «Тақиялы періште» атты фильмі түсіріле бастады.

Осылайша, менің әкем мен апам барлығы сүйіп көретін фильм кейіпкерлерінің прототипі болған. Апам мен 17-де болған кезде 94 жасында өмірден өтті. Мен оның ең сүйікті немересі болдым», - деп Әлия Балапанова естелігін бөліскен.

Журналистің жазуынша, Қаратаев Сакко Бейсекұлы 1 ақпан күні 88 жасында өмірден озған.

Фото: видеодан скрин

Байланысты жаналықтар

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

16.04.2025

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

16.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

16.04.2025

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

16.04.2025
MalimBlocks
Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Абай облысында жаңа су қоймалары салынады

"Асфальт қайда?": Халықаралық байқауда жеңіске жеткен оқушы желі жұлдызына айналды

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

"Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім". Депутат Мұқаев сынға жауап берді

Депутат Дәулет Мұқаев бұған дейін тұсау кесемін деп хабарландыру жариялағаны үшін сынға қалған. Ол хабарландыруды не үшін таратқанын Мәжіліс кулуарында бұл жолы журналистерге түсіндіріп беруге тырысты

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

2025 жылы еліміз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеді.