Таразда жасөспірім балконнан секіріп кетті

Оқиға түнгі уақытта болған.

Malim Админ

  • 13.06.2024

Тараз қаласында жасөспірім балконнан секіріп, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға түнгі уақытта болған.

Бүгін түнде Арай 2, бірінші үйде, сағат 2:10 шамасында жас жігіт өзін-өзі өлтірді. 5-ші қабаттың терезесінен құлап кетті. Күйеуім екеуміз 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдердің аулада қатты айқайлағанын естідік. Алдымен біз тағы бір төбелес болды деп ойладық, бірақ «ол тірі ме, жоқ па» деген сөздерді естігенде, шошып кеттік. Балконға жүгіріп барып, жедел жәрдем шақыра бастадық. Жедел жәрдем сағат 02:13-терде келді. Алдымен фельдшер жігіт «ол тірі» деп айтты, жедел жәрдем көлігіне жатқыза бастады, бірақ бір минуттан кейін екі фельдшер шығып, сот маманы мен полицияға қоңырау шалды. Олар келген соң екі жасөспірімге «кінәні мойныңа ал» деп қысым жасай бастады, - деп жазылған әлеуметтік желіде.

Бұл оқиғаға қатысты ПД жауап берді.

2024 жылғы 10 маусымда сағат 00:20-да «102» тетігіне Тараз қаласының шағын аудандарының біріндегі пәтердің балконынан жасөспірім секіріп, алған дене жарақатынан оқиға орнында қайтыс болғаны туралы хабарлама түсті, - деп хабарлады ПД.

Аталған дерек бойынша «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етілмейді.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Бір аптадан бері жоқ. Өскемендік 18 жастағы қызды іздеу жалғасып жатыр

19.11.2024

Бұрынғы полицейге адам өлтірді деген айып тағылды

18.11.2024

Атырау облысында жол апаты көбейген. 73 адам көз жұмған

13.11.2024

Ақтөбедегі Қазхром комбинатында жұмысшы қаза тапты

11.11.2024

Жол апаты бір жасқа толмаған нәрестенің өмірін қиды

11.11.2024

Қостанай облысында жылу қазандығы жарылысынан зардап шеккен адам көз жұмды

08.11.2024
MalimBlocks
Бір аптадан бері жоқ. Өскемендік 18 жастағы қызды іздеу жалғасып жатыр

Әнел Ерік 12 қараша күні Металлург саябағының маңындағы үйінен шығып кеткен

Бұрынғы полицейге адам өлтірді деген айып тағылды

Қайғылы оқиға 17 қарашаға қараған түні Тасқала ауданында болған

Атырау облысында жол апаты көбейген. 73 адам көз жұмған

858 адам түрлі дене жарақатын алған

Ақтөбедегі Қазхром комбинатында жұмысшы қаза тапты

Мердігер ұйымның қызметкері биіктен құлап кеткен

Жол апаты бір жасқа толмаған нәрестенің өмірін қиды

40 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, тастардың үйіндісіне  соғылған

Қостанай облысында жылу қазандығы жарылысынан зардап шеккен адам көз жұмды

Науқас шұғыл түрде санавиациямен Қостанай облыстық ауруханасына жеткізілген болатын