"Той жарысты тоқтату керек": Дәулет Мұқаев той өткізудің форматын өзгертуді ұсынды

Депутаттың айтуынша, тойға адам санын көбейту үшін алыс туыстарды шақыруды тоқтату керек.

Сабина Асқарқызы

  • 03.10.2024

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев елімізде той өткізудің жаңа форматын енгізу керек екенін айтып, бастама көтерді, деп хабарлайды Malim.kz.

"Дастарқанды қарайықшы, әйтеуір бәрі толу керек. Одан кейін 6 сағат отырамыз. Көп жағдайда дастарқан желінбей жатса, пакет таратылып, тамақты бәрі салып алып кетеді. Кейде ер азаматтар әйелдермен жанталасып салып жатады. Тамақ тұрғысынан да ысырапшылықты азайту керек", - деді депутат "Талқы" бағдарламасында.

Депутаттың айтуынша, тойға адам санын көбейту үшін алыс туыстарды шақыруды тоқтату керек.

Екіншіден, тойға 300-400 мың адам шақырылады, оның бәрін танымайсың ғой. Менің түсінігімде тек жақындар жиналуы керек. Ал біз апа-атаның көңілі қалмасын, ұят болмасын деп, 200-300 адам жинап отырамыз. Пандемия кезінде сабақ алмадық. Адамдар тығылып, 80-100 адамға той жасады, сол сақталып қала ма деп едім. Жоқ, қайтадан бұрынғы той жарысқа өтіп кеттік", – деген ол. 

Байланысты жаналықтар

Ләйлә Сұлтанқызы тойларды біріктіріп өткізуді ұсынды

19.11.2024

Шымкенттік 39 жастағы әйел оныншы баласын дүниеге әкелді

13.11.2024

Қоғам белсендісі Серікжан Біләш саясаттан кететінін айтты

08.11.2024

Маңғыстауда 11 баланың анасы Tik-Tok-тағы видеосы үшін сотталды

08.11.2024

«5-6 бала туып тастайды»: Танымал психолог әйелдердің жыл сайын бала туатынына қарсы шықты

05.11.2024

Қоғам белсендісі Макс Боқай Нұрбанк басшылығына келуі мүмкін

01.11.2024
MalimBlocks
Ләйлә Сұлтанқызы тойларды біріктіріп өткізуді ұсынды

Тележүргізуші ысырапшылдықтың соңы ауыр соғатынын айтты

Шымкенттік 39 жастағы әйел оныншы баласын дүниеге әкелді

Көпбалалы келіншек 19 жасында тұрмысқа шыққан

Қоғам белсендісі Серікжан Біләш саясаттан кететінін айтты

Ол әлеуметтік желіде бейнежазба жариялады

Маңғыстауда 11 баланың анасы Tik-Tok-тағы видеосы үшін сотталды

Әйелге 3 жыл бойы әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынды

«5-6 бала туып тастайды»: Танымал психолог әйелдердің жыл сайын бала туатынына қарсы шықты

Ол тек 3 бала туу керегін айтады

Қоғам белсендісі Макс Боқай Нұрбанк басшылығына келуі мүмкін