«Тоқаевты әрдайым қолдаймыз»: Нұрсұлтан Назарбаев қоры мәлімдеме жасады

Қор өкілдері қордың қызметінде саяси да, ақпараттық-манипуляциялық та сипат жоқ екенін атап өтті.

Malim Админ

  • 16.04.2024

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев атындағы қор өкілдері желіде тараған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстанда су тасқыны болып, ахуал өткір сипат алып тұрған шақта кейбір әлеуметтік медиа Нұрсұлтан Назарбаев Қоры «биліктің беделін түсіруге және қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыруға бағытталған ақпараттық науқан» жүргізіп отыр деп жариялады. Жасырын дереккөз жариялаған ақпаратты жеке тұлғалар да айтып, негізсіз айып тақты. Нұрсұлтан Назарбаев қоры бұл жарияланым мен мәлімдеменің ешқандай объективті әрі нақты негізі жоқ деп мәлімдеме жасау қажет деп санайды. Қор қоғамға шынайы және сенімді ақпарат берудің маңыздылығын атап көрсетеді, - делінген хабарламада.

Қор өкілдері қордың қызметінде саяси да, ақпараттық-манипуляциялық та сипат жоқ екенін атап өтті. Олардың сөзінше, қордың жұмысы тек әлеуметтік жобалар мен азаматтық бастамаларды дамытуға, ел жастарды қолдауға, қайырымдылық көмек көрсетуге бағытталған.

Бұған қоса, Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты және оның саяси бағытын әрдайым қолдағанын және қолдайтынын айтамыз. Бұл күндері ел тұрғындары сияқты Тұңғыш президент те су тасқынынан зардап шеккен жандарға алаңдап отыр. Біз мемлекет басшысы мен үкіметтің ел өңірлерінде бұрын-соңды болмаған су тасқынының салдарын жою жөніндегі шарасын толығымен қолдаймыз, - делінген хабарламада.

Осы ретте қор өкілдрі Нұрсұлтан Назарбаев қоры зардап шеккен өңір тұрғындарын қолдау үшін алғашқылардың бірі болып ақша аударып, қаржылай көмек көрсеткенін мәлімдеді. 

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Денсаумин Қазақстандағы Covid-19 жағдайына байланысты мәлімдеме жасады

18.05.2025

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

14.05.2025

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

13.05.2025

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

12.05.2025
MalimBlocks
Денсаумин Қазақстандағы Covid-19 жағдайына байланысты мәлімдеме жасады

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты