Түркістанда қыз бен жігіт суға кетіп қалды

Бәйдібек ауданындағы Шұқыршақ сарқырамасына жігіт пен қыз достарымен демалуға барған

Арман Қайыпхан

  • 11.07.2024

Түркістан облысында демалуға кеткен қыз бен жігіт суға түсіп көз жұмды, деп хабарлады Malim.kz порталы Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 29 маусым күні болған. Куәгер әйел оқиғаның қалай болғанын баяндап берді.

"Бұл жер өте қауіпті, өзіміз де көрдік. Бір қарағанда ақырын ағып жатқан сияқты көрінеді, бірақ қатты ағынмен шұңқыр жасап ағып жатты. Күйеуім де суға батып кете жаздап, сол жерден әзер шықты" , - деді әйел.

Ерлі-зайыптылар кешке қарай үйге қайтуға дайындалып жатқанда, сарқырамаға бір топ жас келген көрінеді.

“Мен оларға бармаңдар, қауіпті" дедім. Бірақ олар мені түсінбей, төменге қарай беттеді. Айғайлап шұңқыр жаққа бармауын сұрадым. Олардың үшеуі сол маңда күліп-ойнап жүрді, бір кезде секунд ішінде оларды қатты ағыс иіріп әкетті", - деді әйел.

Фото: istockphoto.com

Байланысты жаналықтар

14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды

13.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

12.05.2025

Лифтіде баланы пышақтаған жасөспірімге сот үкімі шықты

12.05.2025

Италия өңірін азат етуде қаза болған 36 қазақстандық жауынгер туралы білесіз бе?

12.05.2025

Алдағы үш күнде 44 градусқа дейін ыстық болады

12.05.2025
MalimBlocks
14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

Лифтіде баланы пышақтаған жасөспірімге сот үкімі шықты

Италия өңірін азат етуде қаза болған 36 қазақстандық жауынгер туралы білесіз бе?

Алдағы үш күнде 44 градусқа дейін ыстық болады

Ауа температурасы бірте-бірте көтеріледі