Түркістанның дизайн-коды таныстырылды

Арман Қайыпхан

  • 15.05.2025

Бүгін «Алатау медиа» орталығында «Түркістанның дизайн коды» тақырыбында брифинг өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Брифинг барысында «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дизайн код ресми түрде таныстырылып, оның негізгі бағыттары мен талаптары түсіндірілді.

Дизайн код 8 тарау мен 118 тармақшадан тұратын талаптар кешенін қамтиды. Онда жалпы ережелер, сәулет және қала құрылысына қойылатын негізгі талаптар, сыртқы көрнекі ақпарат, көше навигациясы жүйелері, көше жиһазы, ғимараттардың қасбеттері, қоршаулар және қалалық кеңістікті жарықтандыру мәселелері қамтылған.

Жобаның басты мақсаты – Түркістан қаласының мәдени мұрасын сақтай отырып, сәулет-көркемдік тұрғыда бірыңғай стиль қалыптастыру және қолайлы қалалық орта құру.

Жобаның негізгі міндеттері ретінде қаланың тарихи және жаңа құрылыстары арасында үйлесімділік орнату, ғимараттардың қасбеттеріне бірыңғай сәулет-көркемдік талаптарды енгізу, әлеуметтік осал топтар үшін қолжетімді орта жасау, экологиялық және технологиялық шешімдерді қолдану және қолданыстағы нормативтік базаны жаңғырту көзделіп отыр.

Брифингте жаңа Дизайн кодтың заманауи талаптарға сай екенін, тарихи мұраға зиян келтірмей, қала тұрғындары мен қонақтары үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған маңызды құжат екені айтылды.

Жиын соңында спикерлер Дизайн кодтың іске асырылу тетіктері, қала құрылысына ықпалы және оның тұрғындар мен кәсіпкерлер үшін маңызы туралы қойылған сұрақтарға жауап берді.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

«Ломтадзе, халықтың алдына шық!»

15.05.2025

Аптап ыстық: 16 мамырға арналған ауа райы болжамы

15.05.2025

Бекбаеваның қазақ әйелдері туралы пікірі дау тудырды

15.05.2025

Түркістанда Ясауи мұрасына қатысты симпозиум өтіп жатыр

15.05.2025

Абай облысында ет өнімдерін терең өңдейтін өндірістік кешеннің құрылысы басталды

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025
MalimBlocks
«Ломтадзе, халықтың алдына шық!»

Аптап ыстық: 16 мамырға арналған ауа райы болжамы

Бекбаеваның қазақ әйелдері туралы пікірі дау тудырды

Желі қолданушылары Бекбаевадан кешірім сұрауды талап етті

Түркістанда Ясауи мұрасына қатысты симпозиум өтіп жатыр

Абай облысында ет өнімдерін терең өңдейтін өндірістік кешеннің құрылысы басталды

Шерзат ісі: судья ескерту жасады