Үкімет өңірлердің 2025 жылғы су тасқынына дайындығын тексерді

Арман Қайыпхан

  • 10.10.2024

Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді. Оған министрлік өкілдері, облыс және қала әкімдері қатысты, деп хабарлайды Malim.kz.

Күн тәртібінде үш мәселе: келесі жылғы су тасқыны қаупі бар кезеңге дайындық, жеке сектордағы жылу беру маусымы, коммуналдық және жол қызметтерінің қысқы кезеңге дайындығы қаралды.

Вице-премьер Қанат Бозымбаевтың тапсырмасы бойынша өңірлердің 2025 жылғы су тасқыны қаупі бар кезеңге дайындығына тексеру жүргізілді.

Бүгінгі таңда өңірлерде 122,6 шақырым дренаж жүйесі салынып, жөнделді, 1545 су өткізу құрылысы орнатылып, ауыстырылды, 1270 шақырым канал мен 21 069 шақырым арық тазартылды, 101 гидротехникалық құрылысқа ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Сонымен қатар тексеру нәтижелері бірқатар облыста өзен арнасы жағалауын нығайту және түбін тереңдету бойынша жұмыстар әлі аяқталмағанын көрсетті. Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының 84 елді мекенінде күрделі құрылыс, қорғаныс бөгеттерін қалпына келтіру және нығайту жұмыстары жүргізілуде.

Өңір әкімді күздің соңына дейін елді мекендердің айналасына топырақ үю, су бұру арналарын тазарту және өзендерді қалыпқа келтіру жұмыстарын аяқтау керек. Су ресурстары және ирригация министрлігі гидротехникалық құрылыстарды реконструкциялау және жаңғырту жұмыстарын жеделдетуі қажет, — деп тапсырды Премьер-Министрдің орынбасары.

Тұрғын үй секторында жылу беру маусымын өткізуге дайындық барысы туралы есептер тыңдалды.

Тұрғын үйлер мен өзге де нысандардың ішінде орнатылған автономды жылыту жүйелері үлкен алаңдаушылық тудырып отыр. Осылайша, еліміз бойынша ереже бұзып, автономды жылытқышты 641 ғимарат әлі де пайдалануда.

Төтенше жағдайлар министрлігіне мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі айлығын өткізуді тапсырамын. Газ инспекциясын іске қосыңыздар. Пеш жағатын үйлерді, бірінші кезекте халықтың әлеуметтік осал топтарын есепке алу қажет. Ондай үйлердің барлығында иісті анықтайтын газ датчиктері орнатылуы тиіс, — деді Қанат Бозымбаев.

Қыс мезгілінде жолдардағы қызмет көрсету сапасы туралы Көлік министрлігі есеп берді.

Отырыста Ақтөбе облысындағы «Самара-Шымкент» тасжолы учаскесіне және Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жолдарға ерекше назар аударылды.

Ішкі істер министрлігіне боран кезінде тиісті қызметтердің хабарламаларын елемейтін жүргізушілерге жауапкершілікті күшейту мәселесін пысықтау тапсырылды.

Алдағы "Қыс-2024" оқу-жаттығуы шеңберінде жолдарда мұз қатып, көліктердің қозғалуына қиындық туындаған жағдайда уәкілетті органдардың іс-қимыл алгоритмін пысықтау керек. Төтенше жағдайлар министрлігіне оқу-жаттығуға тиісті дайындық жұмыстарын қамтамасыз етуді, мәселелерді шешу бойынша қабылданып жатқан шараларды тексеруді тапсырамын. Біз қыс мезгілінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуіміз қажет, — деп атап өтті вице-премьер.

Фото: Үкімет

Байланысты жаналықтар

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

17.05.2025

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

07.05.2025

Құтқарушылар солтүстіктегі ауылды тасқын судан қорғап қалды

01.05.2025
MalimBlocks
Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

Құтқарушылар солтүстіктегі ауылды тасқын судан қорғап қалды