457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ұлттық паркте екі елікті атып алған: Броконьерлер ұсталды

Іле-Алатау ұлттық паркі аумағында тағы бір броконьерлік дерегі тіркелді

9 қазанда Алматы облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының, Іле-Алатау ұлттық паркінің қызметкерлері, Табиғат қорғау прокуратурасының қызметкерлері және Алматы облысының табиғат қорғау полициясы мен бірлесіп, Іле-Алатау ұлттық паркінің аумағында жануарлар әлемін қорғау мақсатында жүргізілген операциялық-рейдтік шаралар кезінде Тойота Прадо маркалы автокөлікті тоқтатқан.

"Автокөлікті тексеру барысында көлік салонында екі сібір елігінің денесі және тегіс ұңғылы мылтық табылып, тәркіленді", - делінген хабарламада.

Осы факт бойынша Қарасай аудандық АПБ-ында ҚР ҚК 337-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

Фото:depositphotos.com