Ұлытау облысында 11 отбасы жаңа баспанаға ие болды

Бұл баспаналар әлеуметтік осал топтар үшін салынған

Сұлу Бөлек

  • 01.05.2025

Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Ұлытау ауданына жұмыс сапарымен барып, жергілікті халықпен кездесті, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Сонымен қатар өңір басшысы аудан тұрғындарын жеке қабылдап, өзекті мәселелерін тыңдады.

Кездесу барысында көтерілген негізгі сұрақтар тұрғын үй алу кезегі, жол және көпір инфрақұрылымын жөндеу, жарықпен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты болды. Облыс әкімі әрбір өтінішті жеке бақылауға алып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Еліміз үшін маңызды айтулы мерекелер қарсаңында облыс басшысы аудандағы 10 отбасыға жаңа пәтер кілттерін табыс етті. Бұл баспаналар әлеуметтік осал топтар үшін салынған. Сонымен қатар, «Самға» ЖШС директоры Абай Болатұлы қосымша үш бөлмелі пәтерді демеушілік ретінде көпбалалы анаға сыйға тартты. Облыс әкімі кәсіпкерге шынайы алғысын білдіріп, бұл бастаманың жалғасуына сенім білдірді.

Осылайша бір күнде ауданның 11 отбасы жаңа баспанаға ие болып, қуанышқа кенелді.

Облыс басшысы сондай-ақ ауданға сапалы кадрларды тарту жұмыстарын тоқтатпау және жас мамандарға тұрғын үй дайындау процесін жеделдету қажеттігін тағы бір рет атап өтті.

Жұмыс сапары аясында облыс әкімі «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына атсалысып, Таңбалы тас саябағына және жеке кәсіпкер салған орманшылық алқабында шырша көшеттерін отырғызды. Өңір басшысы отырғызылған ағаштардың күтімі мен суару жүйесін ұйымдастыруды міндеттеді.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

«Иықтарыңды сілкіп, қақшаңдап жүріңдер»: Жанар Айжанова жастарға үндеу жасады

29.04.2025

Тоқаев Сейіт Қасқабасовтың отбасына көңіл айтты

28.04.2025

Ұлытау облысында кәмелет жасына жетпей тұтқында болғандарға төлем беріледі

25.04.2025

Отбасындағы жанжалдан кейін әйелінің жұмыс орнын қиратқан азамат сотталды

20.04.2025

Ұлытауда "Ұлттық киім – ұлт бейнесі” атты киім фестивалі өтті

18.04.2025

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

16.04.2025
MalimBlocks
«Иықтарыңды сілкіп, қақшаңдап жүріңдер»: Жанар Айжанова жастарға үндеу жасады

Әнші жастық шақтың қадірін білу керегін айтты

Тоқаев Сейіт Қасқабасовтың отбасына көңіл айтты

Ұлытау облысында кәмелет жасына жетпей тұтқында болғандарға төлем беріледі

Отбасындағы жанжалдан кейін әйелінің жұмыс орнын қиратқан азамат сотталды

Ұлытауда "Ұлттық киім – ұлт бейнесі” атты киім фестивалі өтті

17 сәуірде Жезқазған қаласында "Ұлттық киім – ұлт бейнесі" атты дәстүрлі және заманауи ұлттық киім үлгілерінің фестивалі табысты өтті

Ұлытау облысында Жеңістің 80 жылдығына қандай шаралар жоспарланған?

2025 жылы еліміз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтеді.