Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

Маңғыстау облысының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері шетел азаматтарына тіркеу, уақытша болу мерзімін ұзарту және ХҚКО арқылы рұқсат алу бойынша жалған қызметтер көрсетумен байланысты заңсыз схеманың жолын кесті, деп хабарлайды Malim.kz.
Polisia.kz мәліметінше, 15 мамырда жедел іс-шаралар барысында үш күдікті ұсталды. Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тінту барысында әртүрлі ЖШС-нің 70-тен астам мөрі, шетел азаматтарының 75-ке жуық төлқұжаты, электрондық ақпарат тасығыштар, техника, банк карталары, ХҚКО құжаттарының түпнұсқалары, шамамен 2 млн теңге қолма-қол ақша, екі көлік тәркіленді. Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр, - делінген мәліметте.
Фото: Polisia.kz
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
