Жамбыл облысында жер сілкінді: қандай ғимараттарға зақым келді?

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев 28 наурызға қараған түні жер сілкінісі болған Меркі және Т. Рысқұлов аудандарына барды

Сұлу Бөлек

  • 28.03.2025

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев 28 наурызға қараған түні жер сілкінісі болған Меркі және Т. Рысқұлов аудандарына барды, - деп хабарлайды Malim.kz.

Облыс әкімі төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың отырысын өткізіп, зақымданған нысандарды аралады.

"Қазір Меркі орталық аудандық ауруханасының, Меркі ауылдық округіндегі "Балдәурен" балабақшасының және Талдыбұлақ ауылындағы тұрғын үйдің асханасының қабырғаларында жарықтар анықталды. Т. Рысқұлов ауданы Абай ауылындағы бір үйде, Жаңатұрмыс ауылындағы 6 үйде, ауыл мектебінде, Қарақыстақ ауылдық округіндегі Каменка ауылының Мәдениет үйінде жарықтар тіркелді", – делінген хабарламада.

Арнайы комиссия шығынды бағалау жұмыстарын жүргізеді. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Аудандардағы өмірлік маңызы бар нысандар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

Сонымен қатар, елді мекендердегі нысандарды визуал тексеру және республикалық маңызы бар автожолдарды (5 көлік жолайрығы, 2 теміржол өткелі және 3 көпір) зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазір 45 елді мекен тексерілді.

Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел бөлім Қырғыз Республикасы ТЖМ-мен өзара іс-қимылды ұйымдастырды. "Чоң-Қақпа" және "Ортотокой" су қоймалары қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

Өңірде 8 (7262) 51-35-75 жедел желісі іске қосылды.

Еске салайық, 28 наурызға қараған түні Жамбыл облысының бірнеше ауданында жер сілкінісі тіркелді. Ең жоғары магнитуда – 5 балл – Меркі ауданының Меркі ауылында байқалды. Т. Рысқұлов ауданының Құлан ауылында жер сілкінісінің күші 4 балл, ал Тараз, Шу қалаларында, Қордай және Мойынқұм аудандарында 2 балл болды.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

Әкім бухгалтері ақша жымқырған: соталды тергеу басталды

16.05.2025

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Түркияда бір түнде үш рет жер сілкінді

13.05.2025

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

12.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025
MalimBlocks
Әкім бухгалтері ақша жымқырған: соталды тергеу басталды

 

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

Түркияда бір түнде үш рет жер сілкінді

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді