457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жаңа Салық кодексі күшіне енген соң Қазақстанда 300 мың компания жабылады - вице-министр

Жаңа Салық кодексі күшіне енгеннен кейін Қазақстанда шамамен 300 мың компания өз қызметін тоқтатады.Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді. Бұл туралы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды. 

Оның айтуынша, бұл үрдіс табиғи және оң нәтиже беретін құбылыс, себебі көбінесе жалған немесе салықтан жалтару мақсатында құрылған фирмалар жабылады.

«Біз мұны алдын ала айтқан болатынбыз. Иә, бизнестің бір бөлігі жабылады. Бірақ негізінен, бұл бизнесті бөлшектеумен айналысқан компаниялар. Енді оған құқықтық негіз де, мүмкіндік те болмайды», – деді Әмрин.

Вице-министрдің айтуынша, кейбір кәсіпкерлер бірдей қызметкерлерді бірнеше компанияға тіркеп, (ҚҚС) шегінен аспау үшін жасанды бөлшектеу схемаларын пайдаланған.

«Біз есептіліктен көрдік: бір салық төлеуші өз қызметкерлерін әртүрлі компанияларға рәсімдеп, есепті бір адам тапсырып отырған. Кейбір ұйымдар айдан айға, жылдан жылға бірдей көрсеткіштерді қайталап отырған», – деді ол.

Жаңа заң бойынша, біріккен табыс көлемі 2 миллиард 350 миллион теңгеге дейінгі кәсіпкерлер ҚҚС төлеуші емес. Бұл бизнесті бөлшектеу қажеттілігін жоятын маңызды өзгеріс.

«Бұдан былай бірнеше компания құрып, табысты жасанды түрде бөлуге ешқандай мән қалмайды.Есесіне ашық және адал жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін жағдай жақсарды.Жалпы бизнестің 98%-ы жеңілдетілген салық режимінде қала береді», – деді Азамат Әмрин.

Фото: pixabay.com