Жел, найзағай мен бұршақ: Қазақстанның кей өңірінде ескерту жасалды
"Қазгидромет" 14 сәуірде еліміздің көп өңірінде дауылды ескерту жариялады

"Қазгидромет" 14 сәуірде еліміздің көп өңірінде дауылды ескерту жариялады, - деп хабарлайды Malim.kz.
Алматыда таңертең қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Кей уақытта найзағай, бұршақ, дауыл болады. Батыстан соғатын желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді.
Абай облысының батысы, солтүстігі мен орталығында түнде найзағай, ал күндіз солтүстік, оңтүстік және орталықта найзағай мен бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с. Семейде күндіз найзағай болады. Желдің екпіні – 23 м/с.
Ақмола облысында түнде және таңертең оңтүстігі мен шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Батысы, солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Желдің екпіні – 15-20 м/с. Батысында түнде -3 градусқа дейін аяз жүреді.
Ақтөбе облысының солтүстігінде түнде -2 градус үсік болады. Ақтөбеде түнде 0-2 градус аяз күтіледі.
Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында қатты жаңбыр, бұршақ пен дауыл болады. Конаевта найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні – 25 м/с-қа дейін.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз найзағай, бұршақ болады. Желдің жылдамдығы 23-28 м/с. Өскеменде де найзағай күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр болады. Таразда найзағай күтіледі. Жел – 15-20 м/с.
Жетісу облысындағы Алакөл көлдері маңында желдің екпіні 30 м/с-тан асады. Талдықорғанда найзағай, жел – 20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман. Оралда да түнде тұман болады.
Қарағанды облысында түнде жаңбыр, бұршақ, найзағай болады. Тұман түсуі мүмкін. Жел – 15-20 м/с. Қарағандыда найзағай мен тұман күтіледі.
Қостанай облысында күндіз найзағай, кей жерлерде тұман болады. Түнде батысында -1 градус үсік болады.
Маңғыстау облысының батысы мен оңтүстігінде күндіз найзағай, орталығында түнде тұман күтіледі.
Павлодар облысында найзағай, қатты жаңбыр мен бұршақ болжанып жатыр. Павлодарда да дәл осындай ауа райы күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жел 15-20 м/с болады. Түнде батысында -2 градус аяз жүреді.
Түркістан облысының таулы аудандарында түнде найзағай, желдің екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігі, шығысы мен орталығында найзағай, тұман күтіледі. Жезқазғанда да түнде найзағай мен тұман болжанып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 12, 13, 14 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.
Фото: pixabay.com