Жетісу облысында алаяқтар тұрғындарға 67 млн теңге шығын келтірген

Қылмыстық топ мүшелері азаматтарға өздерін банк, мобильді операторлар мен мемлекеттік органдар қызметкерлері ретінде таныстырып, қоңырау шалған. Осылайша олардың смартфондарына зиянды қосымшаларды орнатуға көндірген. Қосымшалар арқылы алаяқтар жәбірленушілердің құрылғыларына қашықтан кіріп, олардың атына онлайн несие рәсімдеп, ақшаны өздерінің шоттарына аударып отырған.
Сондай-ақ кибералаяқтар Telegram арқылы сатып алынған дропперлердің банк деректері арқылы шотқа түскен қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырған.
Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 67 миллион теңгені құрады.
Қазіргі уақытта іс сотқа жолданып, алаяқтық схеманың басқа қатысушыларына қатысты тергеу жалғасуда.
Фото: Жетісу облысы ПД

Ең көп оқылған
