Жол апатынан қаза тапқан жамбылдық полицейлер туралы мәлімет жарияланды

Бірі балалар үйінен 8 бала асырап алған

Мәди Саматұлы

  • 18.08.2024

Жамбыл облысы полиция департаменті ірі жол апатынан көз жұмған полиция қызметкерлері жайлы мәлімет жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

ПД мәлімдеуінше, қаза тапқан екі полицейдің бірі Ғалым Арыстанбаев 46 жаста болған, 11 баланың әкесі, оның ішінде 8 баласын балалар үйінен асырап алған.

Жүрегі кең, жақындарына қамқор, сыйлы әріптес, адал қызметкер болды. Ішкі істер органдарында 2006 жылдан бері қызмет атқарған, деп жазылған ресми хабарламада,

Екіншісі Абылайхан Әбішкен 32 жаста еді. Ол да 2 баланың әкесі, жас маман, қызметіне адал, отбасының үміт күткен ұлы еді. Ішкі істер органдарында 2012 жылдан бері қызмет атқарған.

Айта кетейік, қайғылы оқиға 2024 жылдың 17 тамызында «Меркі-Шу-Бурылбайтал» республикалық маңызы бар автожолда қызметін атқару барысында жол апаты салдарынан Жамбыл облысы Патрульдік полиция батальонының аға инспекторы, полиция капитаны Арыстанбаев Ғалым Қазыбекұлы және инспектор, полиция аға лейтенанты Әбішкен Абылайхан Саутұлы қаза болды.

Фото: Жамбыл ПД

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

16.05.2025

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

15.05.2025

Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

13.05.2025

Қостанай станциясында пойыз бен көлік соқтығысты

10.05.2025

Талғар ауданында атыс болды

09.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды

Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

3 қылмыстық топ әшкереленді

Қостанай станциясында пойыз бен көлік соқтығысты

Талғар ауданында атыс болды