Әкім Қуанышбек Ысқақов ұсталды дегенге баспасөз хатшысы жауап берді

Malim Админ

  • 27.03.2020

Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек ЫСҚАҚОВ уақытша тергеу абақтысына қамалды деген ақпаратқа қатысты әкімнің баспасөз хатшысы ресми мәлімет алмаған. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ сайтының өңірдегі тілшісі хабарлайды.

«Бұған қатысты облыс әкімдігіне ешқандай ресми мәліметтер түскен жоқ. Құзырлы огандардан сұрап білсеңіздер болады. Облыс әкімі бүгін  жұмыста ма, жоқ па, ол жағын білмедім. Өйткені біз елдегі төтенше жағдайға байланысты қашықтан жұмыс істеп жатырмыз. Әкімнің де қашықтан жұмыс істеп жатқанын, не жұмысқа барып жүргенінен хабарсызбын» - деді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Рауан МЫҢБАЕВ.

Бұл ақпаратты бірінші болып блогер Ербол ЕДІЛОВ Telegram-да таратты. Онда Қуанышбек Ысқақовты жемқорлыққа қарсы агенттік қызмекткерлері алаяқтық үшін ұстады. Және орынбасары Марат ДЕЛМҰХАНОВ пен әкімнің туыстары, кәсіпкерлер Жеңісбек ЫСҚАҚОВ, Азат ДОСМАЙЫЛОВ та қамауға алынды делінген. Әзірге бұл іске қатысты құзырлы орган қандайда бір мәлімдеме жасаған жоқ.

Қуанышбек ДОСМАЙЫЛҰЛЫ 2019 жылдың 28 маусым күні Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалған.

МАТЕРИАЛДЫ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

Фото: kyzylorda-news.kz

Байланысты жаналықтар

Қызылорда облысының экс-әкімі үйқамаққа алынды

30.03.2020

Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болды

28.03.2020

Сапарбаев сатып алған масканы інісі неге кимейді?

19.03.2020

Әкім Қуанышбек Ысқақов 18 миллионға кілем алмақшы

28.02.2020
MalimBlocks
Қызылорда облысының экс-әкімі үйқамаққа алынды

Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болды

Сапарбаев сатып алған масканы інісі неге кимейді?

Әкім Қуанышбек Ысқақов 18 миллионға кілем алмақшы