Әкім Қуанышбек Ысқақов 18 миллионға кілем алмақшы
Қызылордалық шенеуніктерге кілем керек екен. Облыстық әкімінің аппаратына қарасты іс басқармасы мемлекеттік сатып алу сайтында 1430 метрлік жолға төслелетін кілем сатып алуға тапсырыс беріпті.
Ол үшін бюджеттен 18 миллион теңге бөлмек. Бұл дегеніңіз бір үйдің ақшасы. Мәселен krisha.kz сайтынан Қызылордан бұл ақшаға үш бөлмелі пәтер алуға болады.
Әкімдік кілемнің әр метрін 12 700 теңгедей жұмсамақшы. Бұл қызылордалық желі қолданушысы Динара ЭШАТОВАНЫҢ парақшасында жарияланды.
Айта кету керек, облыс әкімі Қуанышбек ЫСҚАҚОВТЫҢ 19 ақпан күнгі есебінде ЖСДП-ның өңірдегі филиал басшысы Ләззат БАҚТЫБАЕВА облыста бюджеттің ақшалары көбіне ысырап болатынын айтып, мәселе көтерген еді. Сол кезде әкім әлеуметтік желілерде облыс белсенділерінің ысырапшылдық мәселесін көтеруі «қыңырлық» дегендей жауап қатқан болатын.
Осылай айтқан аймақ басшысы енді 1,5 шақырымға жуық жолға төслетін кілемшеге миллиондарды шаша салмақ. Осыншама ұзын, жүннен тігілген кілем әкімге не үшін қажет екенін облыстық әкімдіктен сұрап білу мүмкін болмады.
Коллаж: МӘЛІМ КЗ
Абай НҰРЖАНҰЛЫ
Материалды көшіріп басуға болмайды.