457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ана тіліміздің мәртебесі – мемлекет басшысының назарында

IMAGE: ©anatili.kazgazeta.kz

Қазақ тілінің мәртебесі Конституцияда бекіген болса да, оның жағдайы бәрібір алаңдатады. Өкінішке қарай, қисық аудармалардан бастап, айқын орфографиялық қатеге дейін тұрмыс шындығына айналып отыр.

Ара-тұра қоғам қайраткерлері мұны шешудің түрлі әдістерін ұсынып жатады. Олардың барлығы бүгінгі қоғамдық-саяси ахуалды есепке алады деп айта алмаймыз. Дәл сол уақытта – бұл мәселе жөнінен зиялы қауым мемлекет басшысына қарайлайтыны рас.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ана тілімізге қатысты тезистері қоғамға кеңінен белгілі. Бірақ, Президенттің биыл 3 қаңтарда “Ана тілі” газетіне берген сұхбаты мемлекет басшысының басты ұстанымдарын айшықтай түсті.

Алдымен, сұхбатта қазақ тіліне қатысты мәселе жалпылама емес, өз алдына тақырып ретінде қозғалғанын айта кетейік. Бұл жерде сұхбат алушының да, берушінің де ана тіліне қатысты тақырыпта мүдделес болып шыққаны сәтті болды.

Басылым тілшісі қоғамда қазақ тілінің рөлі қазіргіден де арта түсуі үшін не істеу керегін сұраған. Бұған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың берген жауабын еліміздің әрі қарайғы тіл саясаты деуге болады.

Сұхбатқа назар аударсақ, Президент - әкімшілік немесе басқа да мәжбүрлеу шараларын тіпті тілге тиек етпейді, құп көрмейді. Ол қазақ тілінің кемелдене түсуіне жағдайдың қазір барына назар аударады. Мысалы, мемлекет басшысы қазір бизнестің өз науқандарын қазақша өткізуге мүдделі екеніне нұсқайды. Оның үстіне, мемлекеттік тілді білу мансап жолындағы табыстың басты факторы екенін атап өтеді. Сөз арасында тіл саясатында байсалды әрі абай болу керегін айтып қалады.

Сонымен бірге, Президент қазақ тілінің аясын кеңейтудің технократиялық жолдарын ұсынады. Мысалы, цифрлық технологияларды қазақшалау арқылы – біріншіден, жастардың тілді игеруіне, екіншіден, өзге ұлт өкілдері үшін қазақ тілі білу тиіс тұрмыс шындығына айналуын көздейді.

Осылайша, сұхбаттан Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақ тіліне қатысты “жұмсақ күш” саясатына беріктігіне көз жеткіздік. Сайып келгенде, мемлекет басшысының осы сұхбаттағы ана тіліне қатысты тұжырымдарын тұтастай бағдарламаның негізі қылуға болар еді.