АҚШ Канада, Мексика, Қытай тауарларына салық ставкасын көтерді
АҚШ президенті Дональд Трамп сенбіде Мексикаға 25%, Канадаға 25%, Қытайға 10% мөлшерінде жаңа кеден cалығын енгізетінін мәлімдеді. Бұл туралы ВВС жазды.
Канадалық мұнайға 10% мөлшерінде төмен тариф енгізіледі. Трамп болашақта Еуроодаққа да баж салығын енгізуді жоспарлап отырғанын айтты. Ақ үй бұл шешімді заңсыз фентанилге және миграциялық проблемаларға қарсы күрес қажеттілігімен түсіндірді.
Трамп бұған дейін Қытайға салынатын баж салығын 60%-ға дейін көтеру мүмкіндігін айтқан болатын, бірақ президенттік қызметінің алғашқы күндерінде бұл мәселені кейінге қалдырды. Экономистер Трамп жоғары баж салығын енгізгеннен кейін Қытайдан импорттың төмендегенін байқаған.
Қытай, Канада және Мексика АҚШ-тың негізгі сауда серіктестері саналады, ал жоғары баж салығы сауда соғысына және бағалардың көтерілуіне әкелуі мүмкін.
Канада премьер-министрі Джастин Трюдо Канада жауап ретінде шаралар қабылдайтынын мәлімдеді. Сарапшылар баж салығы инфляцияны арттырып, АҚШ экономикасына теріс әсер етуі мүмкін деп ескертеді.
Фото: ВВС