Оңтүстік Корея Президенті орнынан кетуі мүмкін

Президент: «Қауіп Солтүстік Кореядан да, жергілікті «мемлекетке қарсы элементтерден» де келеді, олардың тамырын жою керек», – деген болатын

Аялдар Күнтуған

  • 04.12.2024

                                 Фото: РИА новости

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёлдың елде әскери жағдай енгізу керек деген тосын әрекеті алты сағаттан кейін сәтсіз аяқталды: Парламент әскери жағдайды алып тастауға дауыс берді, ал президент райынан қайтты, деп хабарлады ВВС.

«Ұлттық жиналыс төтенше жағдайды тоқтатуды талап етті және біз соғыс жағдайын енгізу операциясына қатысқан әскери қызметкерлерді шақырдық. Біз Ұлттық ассамблеяның талабын қабылдап, үкімет отырысында әскери жағдайды алып тастаймыз», – деді Юн Сок Ёл теледидардан сөйлеген сөзінде.

Содан кейін министрлер кабинеті жиналып, әскери жағдайды жоюға дауыс берді, деп хабарлайды Yonhap. Әскерилер өз бөлімшелеріне оралды.

Сәрсенбі күні таңертең Президент аппараты түгелдей отставкаға кетті. Жергілікті уақыт бойынша сағат онға дейін президенттің өзі ешқандай жаңа мәлімдеме жасаған жоқ.

Президентің қарсыластары саналатын, Парламенттің басым көпшілігін ұстайтын Демократиялық партия өкілдері Президент өз еркімен отставкаға кетпесе, импичмент рәсімін бастаймыз деп отыр.

Сейсенбі күні кешке жергілікті уақыт бойынша таратылған бұрынғы үндеуінде президент әскери жағдайды конституциялық құрылысты «коммунистік күштерден» және Солтүстік Корея төндіретін қауіптерден қорғау үшін қажетті шара деп атаған болатын.

Президент: «Қауіп Солтүстік Кореядан да, жергілікті «мемлекетке қарсы элементтерден» де келеді, олардың тамырын жою керек», – деген болатын. Президент солтүстіктен қандай қауіп төніп тұрғанын нақтыламаған.

Байланысты жаналықтар

АҚШ Канада, Мексика, Қытай тауарларына салық ставкасын көтерді

01.02.2025

Қазақстан Қытаймен су бөліскелі жатыр

19.08.2024
MalimBlocks
АҚШ Канада, Мексика, Қытай тауарларына салық ставкасын көтерді

Қазақстан Қытаймен су бөліскелі жатыр

Екі мемлекеттің мамандарының бірлескен жұмыс тобы құжатты әзірлеумен айналысады