АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қызметінен кететінін жариялады

Фото: Vlast.kz
АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Дэниел Розенблюм 26 қараша күні Қазақстан Үкіметіне өзінің 2025 жылдың 20 қаңтарында қызметінен кететінін және АҚШ Мемлекеттік департаментінде 28 жылға жуық сәтті еңбек жолын тәмамдайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Елшілік сайтында хабарланды.
Елші Розенблюм 2022 жылдың қараша айынан бері Қазақстандағы миссия басшысы қызметін атқарып келеді. Ұзақ ойланып, ол бес президент пен сегіз мемлекеттік хатшымен бірге өткен жарқын еңбек жолын аяқтап, қызметінен кетуге бел буды.
«Қазақстанда АҚШ елшісі болу – мен үшін өмірімдегі ең үлкен құрметтердің бірі. Мен Қазақстан халқымен жақынырақ танысып, елдің барлық өңірлерін аралап, оның ерекше тарихы жайлы көп нәрсе білгеніме қуаныштымын. Осында тұрған уақытымда елдің бай мәдениеті мен дәстүрлеріне терең құрметпен қарадым», – деп атап өтті елші Розенблюм.