АҚШ Белорусьтағы өз азаматтарын алып кетуде

АҚШ-тың Минскідегі елшілігі сайтында өз азаматтарына Беларусьтен  тез уақытта шығып кету туралы хабарлама жариялады.   

Malim Админ

  • 22.08.2023

Елшіліктің хабарламасында Польша, Литва, Латвия Беларусьпен шекарасын толығымен жабуды ойластырып жатқандықтан америкалықтарға Беларусьтен Латвия мен Литва шекара бекеттері арқылы немесе ұшақпен кетуге және Ресей мен Украинаға бармауға кеңес берген.

Қазірдің өзінде Литва-Беларусь шекарасындағы алты шекара өткелінің екеуі жабылған. 18 тамыздан бастап Шумскас (Лоша) және Тверячюс (Видзы) шекара бекеті жабық.  

Литва ішкі істер министрі Агне Билотайте: үкімет қорғаныс жүйесі бойынша Беларусьпен шекараны толық жабудың жолдарын қарастырып жатыр. 28 тамызда Варшавада Балтық елдері мен Польша министрлері кездесуінде шекараны жабу мәселесі талқыланатынын айтты. Ал Латвия Беларусьпен шекарадағы қорғанысты нығайтып, шекара қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшкенін хабарлады.

Польша билігі де Беларусьпен қауіпсіздікті күшейту үшін шекарадағы әскерін 10 мыңға жеткізбек. Себеп Беларусьтің президенті Александр Лукашенконың шақыруымен ресейлік «Вагнер» жалдамалы әскер жасағының жүздеген сарбазының шекаралас аймақтарға шоғырлануы.

MalimBlocks
АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қызметінен кететінін жариялады