Арон Атабектің денсаулығы нашарлап кеткен, жүрсе денесі дірілдейді

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 19.08.2021

Тамыздың 18-і күні ҰАТ өкілдері Павлодар облысындағы АП-162/1 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан саяси тұтқын Арон Атабекке барды.

Кездесу барысында Арон Атабек топ мүшелеріне денсаулығына байланысты шағымдарын айтқан.

«Екі қолым аурады, жоғары көтере алмаймын, бүгілмейді, қаламсап ұстаудың өзі қиын. Аяғым да ауырады, камера ішінде ғана жүремін, серуенге шығудан бас тарттым. Таксафонға коляскамен барамын. Этапта соққыға жыққан кездегі жарақаттарым болу керек. Толық (медициналық-ред) тексеруден өтуді ұсынды, бірақ мен одан бас тарттым. Себебі менің жасымда сәуле (облучение) алу қауіпті деп есепеймін», - деген Арон Атабек.

Мекеме әкімшілігі топ мүшелеріне Арон Атабектің амбулаториялық картасын көрсеткен. Онда ол 04.08.2021 жылы қан анализін тапсырудан, флюрографияға түсуден, буындарын ренгенге түсіруден бас тартқандығы жазылған. Мекеме басшысы Қапышев Әділхан Темкенұлы Арон Атабек медицина қызметкерлерінің бақылауында екендігін айтқан.

№228 медициналық хаттамасында Арон Атабектің сүйек-буыны ауыратындығы, екі қолының да саусақтары деформацияланғаны, жарты жылдан бері іш қату салдарынан үлкен дәретке баралмай, клизма алатындығы және жүргенде өнебойы дірілдейтіні жазылған.

Бұдан бөлек, хаттамада оның 30.07.2021 жылы медициналық тексеруден бас тартқаны жөнінде, кейіннен терапевт дәрігердің тексеруді камерада өткізгендігі жөнінде айтылған. Дәрігер Арон Атабекке церебросклероз, дисциркуляторлық энцефалопатия, стенокардия, созылмалы гастрит, созылмалы геморрой, қол-аяқтың артрозо-артитті диагноздарын қойып, жалпы клиникалық анализ тапсыруға, витаминдер ішуге, невропатолог пен кардиологқа баруға, УЗИ, ОБП және ренгенге түсуге кеңес берген. Бірақ Арон Атабек оның барлығынан бас тартқан.

 

Кездесу барысында Арон Атабек бұған дейін құқық қорғаушы Елена Семенова сәлемдеме алып келіп тұрғанын, бірақ ұзақ уақыттан бері келмей кеткенін айтқан. Кездесу соңында Арон Атабек мерзімінен бұрын босатуға өтініш жазбайтынын, үш жылдан кейін бостандыққа шыққан соң толықтай өтемақы төлетуге шағымданатынын жеткізген. Бұған қоса мекеме басшысынан мерзімінің соңына дейін ешқайда ауыстырмауын сұрап, соңына дейін осы жерде қалатынын мәлімдеген.

Фотолар мен ақпарат Адам құқықтарын қорғау бюросынан алынды.

 

 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады