457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әшімбаев Назарбаев пен Путиннің кездесуіне қатысты: Экс-президенттің мәртебесі де, өкілеттігі де жоқ

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Ресей президенті Владимир Путинмен Кремльде өткен экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кездесуіне қатысты пікір білдірді.


«Тұңғыш президенттің Мәскеуге сапары жеке сипатқа ие болды. Оның ешқандай ресми мәртебесі болған жоқ. (...) Тұңғыш президенттің қандай да бір мәртебесі немесе өкілеттігі жоқ. Мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға, еліміздің сыртқы саяси стратегиясын жүргізуге байланысты барлық өкілеттіктер мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолында», – деді Әшімбаев бейсенбі күні Сенат кулуарында.

Сенат спикері экс-президенттердің өзге елдердің саясаткерлерімен кездесіп, сапарға шығуға құқығы бар екенін айтты.

«Барлығы жеке шаралар аясында өтіп жатыр», – деп нақтылады Әшімбаев.

Еске салайық, 29 мамырда Путиннің Кремльде Назарбаевпен кездескенін хабарлаған едік.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 3 қаңтарда Ana tili газетіне берген сұхбатында Назарбаевтың отставкадан кейін саяси әдептілік танытпағанын ашық айтқан болатын.

Фото: Кремльдің баспасөз қызметі