Азаматтық қоғамның аясы қайтсе  кеңейеді?

Malim Админ

  • 20.08.2022

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың«Халық үніне құлақ асатын  мемлекет» тұжырымдамасы елімізде азаматтық қоғам құрудың бірегей жолы. Қоғам мен биліктің арасында оңтайлы диалог орнату арқылы ғана бүгінгі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болатынын айтты президент.  Сондықтан азаматтық қоғамның әлеуетін нығайту нығайта түсу басты міндеттердің бірі.  Әсіресе, маңызы зор жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажеттігі назарға алынып келеді. 

Қазақстан егемендігін жариялаған күннен бастап саяси жүйеге реформа жүргізу, азаматтық қоғамның рөлін күшейту тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Осы аралықта елімізде демократияға ұмтылған институттар құрыла бастады. Азаматтық қоғам кез келген институт секілді ең бірінші қызметін барынша қамтамасыз ету аясында заңнамалық реттеуді керек етеді.  Тәуелсіздіктің үш онжылдығында еліміздің азаматтық қоғам бағытындағы басты заңдары қабылданып, жарияға шықты.   Олар – «Саяси партиялар туралы»,«Қоғамдық бірлестіктер туралы»,  «Коммерциялық емес ұйымдар туралы»,«Кәсіптік одақтар туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар туралы», «Бейбіт жиналыстар туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы» заңдары. Қазақстанда алғаш азаматтық қоғамның қалыптаса бастауы Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасында көрініс берді. Аталмыш құжат  азаматтық қоғам институттарын дамытуда қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған заңнамалық және өзге де құқықтық актілерді жетілдіру, одан әрі әзірлеу және қабылдау үшін мүмкіндік ашты. Бұл құжаттар тиімді тәжірибелерді қолға алуға және қазіргі күні  қолдау көрсетілетін дәстүрлерді енгізуге серпін берді.

Мемлекет тарихы институтының қызметкері Бауыржан Шериаздановтың айтуынша,   Соңғы 30 жылда үкіметтік емес ұйымдар саны  100 ҮЕҰ-нан 22 мыңға дейін артқан. Елде үкіметтік емес ұйымдардың айтулы  бастамалары жүзеге аса бастады.   Олардың басым бөлігі  қоғам үшін қызметтердің кең спектрін іске асыра отырып, табысты жұмыс атқаруда. Іс жүзінде азаматтық қоғам институттары жыл сайын қоғам өмірінің саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларында кең қолданыс тауып отыр. Қазіргі заманда кез-келген мемлекет қоғамның ішіндегі бар мәселелерді шешуге тиімді ықпал ете алатын сенімді серіктестерге мұқтаж. Олардың болмауы қоғамның кез-келген прогрессивті дамуын жоққа шығаратыны мәлім». 

Шығыс Қазақстан облыстық Азаматтық альянсы өңірде Үкіметтік емес ұйымдардың форумын өткізіп келеді. Ұйымның төрағасы Олег Чернышовтың пікірінше, облыс аумағында 700-ден астам қоғамдық ұйымдар жұмыс істейді.  «Соның ішінде 200-ден астамы жұмыс істеп тұрған үкіметтік емес ұйымдар. Мемлекеттік органдардың күнделікті тәжірибесі Үкіметтік емес ұйымдардағы бағдарламаларды дайындауға, іске асыруға, әлеуметтік өзекті түйткілдер бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізуге кеңінен тарту болды. Қазір мұндай ұйымдарға мемлекеттің тең серіктесі ретінде қарайды», - дейді ол. 

Кейінгі уақытта  үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметін реттеу саласында нормативтік-құқықтық актілердің қабылдану қарқыны артты.  Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарттары, оның іске асырылу мониторингін негіздеу және нәтижелерді бағалау қағидалары бекітілді. Ұлттық жоспарға өзгерістер енгізілді, қоғамдық кеңестердің қызметі туралы жаңа ереже бекітілді. Қоғамдық кеңестердің қызметі туралы заңнамаға өзгерістер енуде.

Азаматтық секторды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы кезекті кезең болды. Бұл жұмыста өңірлік ҮЕҰ алдыңғы орынға ие екендігін, заң жобаларын, мемлекеттік бағдарламаларды дайындауға  қатысатынын атап өту маңызды. Бұл жұмыстың артында еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тұр.   

Азаматтық қоғамды дамыту үшін отандық БАҚ-тың да бәсекеге қабілеттілігін арттыру маңызды. Қазіргі таңда бұқаралық ақпарат құралдары дамуындағы оң өзгерістер, сондай-ақ мемлекет тарапынан, медиа-нарыққа қатысушылардың бастамасымен  жүйелі шешімдерді талап ететін маңызды мәселелер бар. Биыл осыған байланысты еліміздегі отандық медиа саланы дамытудың негізгі мәселелері мен проблемаларын көрсететін «Ақпарат саласын дамытудың 2020-2022 жылдарға арналған ұлттық жоспары» әзірленгені белгілі. Осы бағытта сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мемлекет пен қоғам арасындағы тиімді коммуникациялар қалыптастыруға, сондай-ақ БАҚ туралы заңнаманы жетілдіруде жұмысты сапалы ұйымдастыруға назар аударуда.  

Атап айтқанда, бұл министрлік журналистерді аккредиттеу ережелерін жаңа редакцияда бекітті. Сондай-ақ БАҚ қызметкерлерінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін журналистердің құқықтарын қорғау жөніндегі арнайы регламент әзірленді.

Байланысты жаналықтар

Бектенов Еуропалық Одақ елдері өкілдерімен су ресурстарын басқару мәселесін талқылады

18.04.2024

Тоқаев Астана әуежайында Садыр Жапаровты күтіп алды

18.04.2024

Мәжіліс «Масс-медиа туралы» заңды қабылдады

17.04.2024

Депутат жертвам паводка: Назарбаевский клан никуда не делся

17.04.2024

Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді

16.04.2024

Тоқаев Үкіметке ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді

16.04.2024
MalimBlocks
Бектенов Еуропалық Одақ елдері өкілдерімен су ресурстарын басқару мәселесін талқылады

Ол елімізде болған күрделі су тасқыны жағдайы аясында тұрақты су инфрақұрылымын дамыту үшін ЕО елдерімен әріптестікті кеңейтудің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті. 

Тоқаев Астана әуежайында Садыр Жапаровты күтіп алды

Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Мәжіліс «Масс-медиа туралы» заңды қабылдады

Құжатты таныстырған Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан заң жобасын әзірлеп, пысықтауға белсенді қатысқан қоғам мүшелеріне алғыс білдірді.

Депутат жертвам паводка: Назарбаевский клан никуда не делся

Депутат мажилиса Максат Толыкбай обвинил крупные нефтяные компании в нежелании делиться имеющейся у них техникой для помощи во время паводков.

Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді

Бұл туралы Тоқаев Қостанай ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты.

Тоқаев Үкіметке ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жұмсалатын шығын қысқарады.