Әзербайжанда Құрманғазы атындағы балалар орталығы ашылды

Malim Админ

  • 12.03.2024

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев қазақтың дәулескер күйшісі Құрманғазы атындағы Балалар шығармашылығы орталығының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Заманауи инновациялық орталық Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қазақстандықтардың атынан бауырлас әзербайжан халқына гуманитарлық тарту ретінде қысқа мерзім ішінде салынды.

«Бұл – Қазақстан халқының тартуы. Менің жеке тапсырмам бойынша аталған сыйлықты жекеменшік BI Group компаниясы бүкіл халықтың атынан шын жүректен ұсынып отыр. Орталық елдеріміз арасындағы жан-жақты байланыстарды нығайтуға қызмет етеді деп ойлаймын. Сіздерге табыс пен бақ-береке тілеймін. Әзербайжанның осы қасиетті өлкесі қарыштап дами беретініне сенімдімін», – деді Қазақстан Президенті Физули жұртшылығымен әңгімелесу кезінде.

Байланысты жаналықтар

Атырау облысында автобус жолаушылары орынға таласып, бірі қолын сындырды

06.01.2025

Жиырма жылда салған суретімнің бәрі шетелге кетті

13.02.2020
MalimBlocks
Атырау облысында автобус жолаушылары орынға таласып, бірі қолын сындырды

Себебі, билет сататын онлайн-платформа істемей қалған

Жиырма жылда салған суретімнің бәрі шетелге кетті