Атырау облысында автобус жолаушылары орынға таласып, бірі қолын сындырды

Себебі, билет сататын онлайн-платформа істемей қалған

Мәди Саматұлы

  • 06.01.2025

Атырау мен Құрманғазы ауданы арасында қатынайтын автобуста жолаушылар арасында төбелес шығып, бір адам қолын сындырған. Бұл туралы HALYQSTAN телеграм-арнасы жазды, деп хабарлады Malim.kz.

Ақпарат көзіне қарағанда, төбелестің шығуына жаңа автобус бағытының билеттерін сататын онлайн-платформа жұмыс істемеуі себеп болған. Әлеуметтік желіде тараған видеода жұрттың жапатармағай таласып мініп жатқаны көрінеді. Оның ақыры төбелеске дейін барып, бірінің қолы сынғаны айтылады.

Белгілі болғаны, билеттің тек автобус жүргізушісінен сатып алу керек болған. Бірақ оған дейін алдымен орынға отырып алу қажет.

Курманғазы аудандық әкімдігі осы жағдай үшін жолаушылардан  кешірім сұрап, алдағы екі аптада онлайн-билет сатуды ретке келтіретінін уәде еткен.

Айта кетейік, даулы рейс желтоқсанның ортасында іске қосылған. Ішінде 53 орны бар үш автобус күн сайын қатынауы керек болған.

Фото: видеодан скриншот

Байланысты жаналықтар

Атырау мұнай өңдеу зауытының жаңа директоры тағайындалды

10.04.2025

Атырау облысында жер сілкінісі тіркелді

10.04.2025

"Атырау" футбол клубы мемлекет меншігіне қайтарылды

09.04.2025

Қалаларда құрылыс материалдарының бағасы күйіп тұр

06.04.2025

"Арандатушы топтың құрбаны болуы мүмкін" - депутат Атырауда Туды қорлаған қыздар туралы

02.04.2025

Атырауда Ту ұстап, тұмшаланып суретке түскен тағы бір қызға үкім шықты

02.04.2025
MalimBlocks
Атырау мұнай өңдеу зауытының жаңа директоры тағайындалды

Қуаныш Бишімов Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры болып тағайындалды

Атырау облысында жер сілкінісі тіркелді

Cейсмологтар Атырау облысы аумағында жер сілкінісін тіркеді

"Атырау" футбол клубы мемлекет меншігіне қайтарылды

"Атырау" футбол клубы клубтың басқарудың ашықтығын қамтамасыз ету және тиімділігін арттыру үшін мемлекет меншігіне қайтарылды

Қалаларда құрылыс материалдарының бағасы күйіп тұр

Кірпіш бағасы еліміз бойынша ең қымбат, яғни, 500 данасы орта есеппен 75 000 теңге тұрады

"Арандатушы топтың құрбаны болуы мүмкін" - депутат Атырауда Туды қорлаған қыздар туралы

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Атырауда Туды қорлап, суретке түскендерге қатысты бас прокурор Берік Асыловқа депутаттық сауал жолдады

Атырауда Ту ұстап, тұмшаланып суретке түскен тағы бір қызға үкім шықты

Атырауда Ту ұстап, тұмшаланып суретке түскен төртінші қызға үкім шықты