Байқоңыр – Ресей-Қазақстан байланысын нығайтады

Алмас НҮСІП

  • 02.06.2020

Байқоңыр – Ресей мен Қазақстан арасындағы байланысты нығайта түсетін фактор. Бұл туралы Роскосмостың бас директоры Байқоңыр ғарыш айлағының 65 жылдығына орай құттықтау сөзінде айтты.  

Роскосмос басшысы Дмитрий РОГОЗИН ғарыш айлағының жалпы даму жоспарын айтты. Оның сөзінше"Союз-2" және "Союз-5" ракеталарын ұшыруға арналған старттық кешендер жаңғыртылмақ.

«Бұл мерейтой жақында ресейлік жаңа ракета кешендерін қабылдайтын Байқоңырдың дамуының жаңа кезеңін ашады. «Гагарин стартын» қалпына келтіруді жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта келіссөздер жүргізіліп жатыр. Жақында аяқталады", - деді ол.

Рогозиннің айтуынша Гагарин старты «Союз-2» ракетасы үшін қалыпқа келтіріліп жатыр. Ол, сондай-ақ, жақында «Назарбаев старты» деп аталған «Бәйтерек стартының» екі ел арасындағы қатынасты нығайтушы фактор екенін атады.

«Өздеріңіз білетіндей, бұл «Зенит» ракетасына арналған кешенді қайта жасақтау. Байқоңырдан ұшқан Совет одағының ең керемет, ең соңғы ракетасы. Біз енді жоспар бойынша «Зениттен» әлдеқайда күшті «Союз-5» ракетасын жасақтаймыз. Алдағы жылдары бұл кешендер жұмысын бастағанда Байқоңыр екі ел байланысын одан әрі нығайта түсетін факторға айналады».

Байқоңыр ғарыш айлағы 1955 жылы ашылған, биыл "Байқоңыр" ғарыш айлағының құрылғанына 65 жыл толып отыр.

Байланысты жаналықтар

Қорғаныс министрлігі бас тартқан әскери шеруді Байқоңыр өткізеді

30.04.2024

Байқоңыр тұрғындарын Украина соғысына шақырып жатыр

14.02.2023

"Цой мырза, көмегіңіз керек!"

02.08.2020

Ресей төбемізден тағы "Протон" ұшырды

31.07.2020
MalimBlocks
Қорғаныс министрлігі бас тартқан әскери шеруді Байқоңыр өткізеді

Қала әкімшілігінің ресми сайтында мамыр мерекесіне арналған шаралар тізімі жарияланған.

Байқоңыр тұрғындарын Украина соғысына шақырып жатыр

Бұл туралы қалалық прокуратура мәлімдеді

"Цой мырза, көмегіңіз керек!"

Ресей төбемізден тағы "Протон" ұшырды