457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Трамп Киевке алыс қашықтыққа ататын қару-жарақ бермейтінін мәлімдеді

АҚШ Президенті Дональд Трамп Украинаға алыс қашықтықтағы қару-жарақ жеткізуді жоспарламайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz reuters агенттігіне сілтеме жасап.

"Жоқ, біз мұндай қару-жарақ жіберуді жоспарлап отырған жоқпыз", – деп жауап берді ол Вашингтонда журналистердің тиісті сұрағына.

Бұған дейін The New York Times (NYT) басылымы дереккөздерге сілтеме жасай отырып, АҚШ егер НАТО елдері бұған дейін қол жеткізілген келісім аясында қару сатып алса, Украина үшін Еуропадағы одақтастарына қару-жарақты қысқа мерзім ішінде беруге дайын екенін хабарлаған еді.

"Іс жүзінде барлық қару Украинаға бірден жөнелтуге дайын", – деп келтірді басылым дереккөз сөзін.

Хабарламада бұл қарулардың кейбірі АҚШ қоймаларында бұрыннан сақтаулы тұрғаны немесе жуырда ғана өндірілгені айтылған.

Атап айтқанда, Patriot әуе қорғаныс жүйелері, зымырандар мен оқ-дәрілер көрсетілген.

Дүйсенбі күні Трамп АҚШ-тың НАТО бойынша одақтастарына қару-жарақ жеткізу туралы келісімге келгенін, ал одақтастар қажет деп тапқан жағдайда бұл қарудың кей түрін басқа елдерге жіберу мүмкіндігіне ие болатынын мәлімдеді.

Фото: Kevin Dietsch/Getty Images