457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ресей Украинаның бірнеше облысына шабуыл жасады

Украинаның әуе күштерінің мәліметінше, Ресей 9 шілдеге қараған түні Украинаны нысанаға алып, жиынтығы 741 дрон және зымыран ұшырған. Бұл туралы Azattyq-қа сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды. 


Украинаның әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері олардың 718-ін жойғанын хабарлады. Ресей қолданған қарулардың басым көпшілігі – шабуылдаушы дрондар, сондай-ақ "Кинжал" тектес дыбыстан жылдам ұшатын зымырандар да болған. Украинаның бірнеше облысы шабуылға ұшыраған. Елдің батысындағы Волынь облысының орталығы Луцк қаласын шамамен 50 дрон нысанаға алған.

Киев, Запорожье, Житомир және басқа бірнеше облыс та шабуыл астында қалған. Киев облысында бір әйел жараланған, Запорожье облысында да бір әйел зардап шегіп, тұрғын үйлер қираған. Херсон облысында Ресей шабуылдары салдарынан бір адам қаза тауып, 17 адам жараланған. Мұндай деректі Херсон облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Александр Прокудин хабарлады. Ресей армиясы бұл шабуылдар жөнінде әзірге ешқандай пікір білдірген жоқ.

Фото: РИА Новости/Евгений Биятов