Бектенов Қостанай және Маңғыстау облыстарының әкімдерін сынға алды

Сұлу Бөлек

  • 27.05.2025

Премьер-министр Олжас Бектенов жылу көзін жаңғырту қарқынына қатысты әкімдіктер жұмысындағы олқылықтарға тоқталды, - деп хабарлайды Мalim.kz тілшісі.

Үкімет отырысында Премьер-министр бірқатар өңірдегі энергия көздерін жөндеу жұмыстарының кешеуілдеу қаупіне назар аударды.

"Мәселен, Семей қаласында қазандықтарды жөндеу жұмыстары әлі басталған жоқ. Ал, Маңғыстау облысында "МАЭК-тің" 2-ші Жылу орталығындағы турбинаны жөндеу тиісті жұмыс тәжірибесі жоқ құрылыс компаниясына берілген. Қостанай облысында Рудный жылу электр орталығындағы турбинаны жөндеу 10 сәуірден бері басталған жоқ. Арқалық жылу станциясындағы қазандық бойынша да осындай жағдай қалыптасып отыр. Ұлытау облысы Сәтбаев қаласындағы қазандықтарды жөндеу жұмыстарының қарқыны да тым баяу. Мұндай кемшіліктер өңірлердің бәрінде дерлік кездеседі және ол тиісті бақылаудың жоқтығын білдіреді. Әкімдіктер министрліктерге сілтеп немесе қаражаттың жоғын, конкурстарды сылтауратып, бұл жұмысты назардан тыс қалдыруға болмайды. Жылыту маусымына дайындық – әкімдіктердің алдағы үш ай ішіндегі негізгі міндеті",  — деп атап өтті премьер-министр.

Фото: Үкімет

Байланысты жаналықтар

Алматының жаңа әкімі тұрғындарға үн қатты

27.05.2025

Қазақстанда ақпараттық қауіпсіздікті күшейту бойынша жұмыс тобы құрылады

26.05.2025

Президент Алматының жаңадан тағайындалған әкімін қабылдады

26.05.2025

Мұнайлы ауданында жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел әлі табылған жоқ

25.05.2025

Каспий жағалауынан екі мыңнан аса итбалықтың өлексесі табылған

25.05.2025

Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі қызметінен кетеді

23.05.2025
MalimBlocks