Беларусь тәуелсіздігінен айырылып барады
Лукашенко елдің тәуелсіздігі мен еркіндігін өз билігін сақтау үшін құрбан етуге дайын
Фото: www.gazeta.ru
Ресейдің Украинаға шабуылы басталғаннан кейін Минсктің соғысқа қатысуы, Беларуссияның толық аннексиялануы немесе Лукашенконың тәуелсіздігін сақтай алуы туралы сұрақтар көптеп қойылып келеді. 2024 жылы Беларусь пен Ресей арасындағы саяси және әскери байланыс одан әрі нығая түсті. Бұл жөнінде "Америка дауысы" жазды.
Желтоқсан айында Путин мен Лукашенко Минскідегі кездесуде ядролық қару тасымалдауға қабілетті «Орешник» зымыран кешенінің Беларуссия ға жеткізу туралы жариялады. Сонымен қатар, Ресейдің тактикалық ядролық қаруын Беларуське орналастыруды қарастыратын қауіпсіздік кепілдіктері туралы келісімге қол қойылды.
Джордж Буш институтының атқарушы директоры Дэвид Крамер Беларусь Ресейдің аннексиясына ұшырап, Лукашенко елдің тәуелсіздігі мен еркіндігін өз билігін сақтау үшін құрбан етуге дайын деп мәлімдеді. Лукашенко Ресейдің Украинаға қарсы соғысына да қолдау көрсетіп келеді.
Алайда Лукашенко 2024 жылы Батыспен диалогқа дайын екендігін көрсетіп, 200-ден астам саяси тұтқынды босатты. Бірақ көптеген сарапшылар Лукашенконың тәуелсіздігін сақтап қалу үшін тек сыртқы әлемге тәуелді екенін айтады.
Сонымен бірге, Беларусь әлі де Ресейдің ықпалында және әскери қатынастар күшейіп жатыр. Беларусь территориясында тактикалық ядролық қару орналасқан, ал Ресейдің әскери базаларын орналастыру жөніндегі келісімдер Беларусь әскерінің Украинадағы соғысқа араласуына мүмкіндігін күшейтеді.
Беларусьтің болашағы туралы пікірлер әртүрлі. Бірқатар сарапшылар Ресей Беларусьті толық аннексияламауы мүмкін деген пікір айтады. Бірақ Беларусьтің тәуелсіздігіне қатысты алаңдаушылық ел ішінде де, сыртта да артып келеді.