Минск: Зеленский өтірік айтады, Лукашенко кешірім сұраған жоқ

Malim Админ

  • 06.01.2025

Минск Лукашенконың соғыс басталған алғашқы күндерде Зеленскийден кешірім сұрағанын жоққа шығарды. Бұл жөнінде Беларусь президентінің баспасөз хатшысы Наталья Эйсмонт  арнайы жариялады. Ол Лукашенко ешқанадй кешірім сұраған жоқ дейді. Бұл жөнінде ВВС жазды.

Беларусь президенті Зеленскийден ешқандай кешірім сұраған жоқ, өйткені кешірім сұрайтындай ешнәрсе жоқ, деді Эйсмонт.

Лукашенканың баспасөз хатшысының айтуынша, Лукашенко мен Зеленский арасындағы телефон әңгімесі «Беларусь президентінің кіші ұлы Николайдың эмоциялық реакциясы себебінен болған, Николайдың телефонында Зеленскийдің жеке байланыс нөмірі болды.

Әңгіме не туралы болды: біздің президентіміз ең алдымен соғыс Украина территориясында, Зеленскийдің территориясында басталғанын айтты, және уақыт өте келе ол адамдардың өлімі үшін бәрінен көп жауап беретін болады! Сол себепті біздің президентіміз келіссөздер үстеліне отыруға шақырды, бұл кейіннен жүзеге асты: Беларусьте 3 раунд келіссөз жүрді және кейін Стамбулда жалғасты,  деп РБК Наталья Эйсмонттың сөзін келтіреді.

Украина президенті Владимир Зеленский Лукашенкомен арадағы әңгіме туралы америкалық блогер және подкастер Лекс Фридманға берген арнайы сұхбатында айтты.

– Мен Лукашенкоға қоңырау шалдым, ол кешірім сұрап,  «Бұл мен емес», деді, оның территориясынан атылған зымырандарды Путин басқарды деді, деп Зеленский соғыс басталған шақ туралы есіне алған болатын.

Фото: ТАСС

Байланысты жаналықтар

Қытай өз азаматтарын Украинадағы соғысқа жібермегенін мәлімдеді

09.04.2025

Шетелдегі соғысқа барып жатқандарға өмір бойына сотталатыны ескертілді

09.04.2025

Зеленский: Украина әскерилері Қытай азаматтарын тұтқындады

08.04.2025

Украинадан Қазақстанға келген жаңа елші туралы не белгілі?

08.04.2025

"Путин соғысты тоқтатқысы келмейді" - Зеленский

07.04.2025

Ресей Киевке соққы жасады: зардап шеккендер бар

06.04.2025
MalimBlocks
Қытай өз азаматтарын Украинадағы соғысқа жібермегенін мәлімдеді

Қытай Украинада Ресей армиясы жағында соғысқан екі қытайлық ұсталғаны туралы ақпаратты украиналық тараппен бірлесіп тексеріп жатқанын мәлімдеді

Шетелдегі соғысқа барып жатқандарға өмір бойына сотталатыны ескертілді

Зеленский: Украина әскерилері Қытай азаматтарын тұтқындады

Украинадан Қазақстанға келген жаңа елші туралы не белгілі?

Украина президенті Владимир Зеленский Қазақстандағы жаңа елшіні тағайындады. Бұл лауазымға ұзақ жыл дипломатиялық тәжірибесі бар, тіпті кезінде сыртқы істер министрі болған Виктор Майко келді

"Путин соғысты тоқтатқысы келмейді" - Зеленский

6 сәуірде Украина президенті Владимир Зеленский украин халқына жасаған үндеуінде Ресей президенті Владимир Путин Украинаға қарсы соғысты тоқтатқысы келмейтінін, керісінше, оны күшейтуді көздеп отырғанын мәлімдеді

Ресей Киевке соққы жасады: зардап шеккендер бар

Қаланың Дарница, Соломенск және Оболонский аудандарында өрт шыққан