Блинкен «Украинаның қауіпсіздігіне НАТО кепілдік беруі керек» дейді

Аялдар Күнтуған

  • 05.01.2025

АҚШ Мемлекеттік хатшысы The New York Times басылымына берген сұхбатында кез келген бітімгершілік Украина үшін қауіпсіздік кепілдіктерімен қамтамасыз етілуі қажет екенін ескертті. Бұл туралы «Амерка дауысы» жазды.

Блинкеннің айтуынша, АҚШ-тың маңызды жетістіктерінің бірі – «толық ауқымды соғыс кезеңінде Америка Ресеймен тікелей қақтығыстан аулақ бола алды».

Оның сөзінше, Ресейдің қабылдауы мүмкін әрекеттері туралы болжам көп, тіпті ядролық қару қолдану жайында қауіп болды, бұл біздің назарымызды қатты аударды... Қазіргі кезде Ресей түрлі сұмдық әрекеттермен айналысуда. Бұл гибридті шабуылдардың сан түрі, соның ішінде кибер шабуылдар, диверсиялық әрекеттер немесе адам қырғыны... Мұның бәрі Еуропада болып жатыр, және осыған қарсы әрекет ету үшін біз көптеген серіктестерімізбен тығыз жұмыс істеп жатырмыз, деді ол.

Блинкен Украинадағы соғыстың «дамылдаған кезеңі» туралы да еске алып, бастапқыда одақтастар мен серіктестердің қандай шешім қабылдайтыны, сондай-ақ Украинаның қарсылық көрсетуге қаншалықты дайын екені түсініксіз болды деп атап өтті.

Блинкен дипломатия саласындағы жетістіктер туралы да айтты, атап айтқанда «қысқа мерзімде 50-ден астам елді, тек Еуропа елдерін ғана емес, одан алыс орналасқан елдерді де Украинаға қолдау көрсету үшін, Ресейдің бұзған принциптерін қорғау үшін біріктіре алғанын» атап өтті.

Егер Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, соғысты әділ және ұзақ мерзімді келісімдермен аяқтау мүмкіндігі болса, біз бірінші болып соны қолданар едік. Өкінішке орай, қазіргі уақытқа дейін біз Ресейдің нақты ынтымақтастыққа дайын екендігі туралы ешқандай белгі көрген жоқпыз,  деп мәлімдеді Блинкен.

АҚШ Мемлекеттік хатшысының пікірінше, Путиннің «Украинаны әлем картасынан жою» амбициясын тоқтату маңызды болған.

«Біз бұған тосқауыл қойдық. Путин сәтсіздікке ұшырады. Оның Украинаға қатысты стратегиялық мақсаты сәтсіз болды және жүзеге аспайды. Украина төтеп берді... Менің ойымша, табыстың нақты өлшемі – Украина тәуелсіз ел ретінде қала ма, жоқ па, сонымен өлшенеді. Біз Украинаның нақты қадамдар жасауға дайын екеніне сенімді болуымыз керек. Жерінен бас тарту – шешім емес, украиндар басқа елдердің қолдауымен жоғалтқан жерлерін қайтадан қалай қайтару жолдарын табу керек».

Блинкен, егер соғысты  тоқтату келісімі жасалса, «ол Путинге демалуға, қарулануға және болашақта қайтадан шабуыл жасауға мүмкіндік береді» деп ойлайды.

– Сондықтан кез келген бітімгершілік ұзақ мерзімді және нақты болуы үшін, Украинаға қосымша агрессиядан қорғануға мүмкіндік беру маңызды. Бұл түрлі тәсілдер арқылы жүзеге асуы мүмкін. НАТО арқылы оның ойын тежеуге болады, біз Украинаны НАТО мүшелігіне бағыттап отырмыз. Бұл әр түрлі елдердің қауіпсіздік кепілдіктері арқылы да жүзеге асады, және Ресейге қайтадан шабуыл жасаған жағдайда үлкен проблемалар туындайтынын көрсету үшін бұл кепілдіктер өте маңызды. Бұл кез келген келісімнің ұзаққа созылуын және кейін Украинаға күшті ел болуға мүмкіндік беруін қамтамасыз ету үшін шешуші рөл атқарады, дейді Блинкен.

Фото: golosameriki.com

Байланысты жаналықтар

Украина Саратовқа жаппай шабуыл жасады

08.01.2025

Ресей Украинаның зымыранын атып түсіргенін хабарлады

30.12.2024

Соңғы апта ішіндегі негізгі оқиғалар. Путин кешірім сұрады

29.12.2024

Байден: «Ресейдің Рождестводағы шабуылы оңбағандық»

26.12.2024

Украина ауқымды шабуылға ұшырады. Рождестово мерекесінің берекесі кетті

25.12.2024

Ресей шабуылынан 1 адам қаза болып, көптеген тұрғын жарақат алды

24.12.2024
MalimBlocks
Украина Саратовқа жаппай шабуыл жасады

Ресей Украинаның зымыранын атып түсіргенін хабарлады

Соңғы апта ішіндегі негізгі оқиғалар. Путин кешірім сұрады

Соңғы бір аптада елімізде және әлемде қандай оқиғалар болды?

Байден: «Ресейдің Рождестводағы шабуылы оңбағандық»

Украина ауқымды шабуылға ұшырады. Рождестово мерекесінің берекесі кетті

Ресей шабуылынан 1 адам қаза болып, көптеген тұрғын жарақат алды