Цукерберг әлемдік ақпараттық цензурамен күресетінін мәлімдеді

Malim Админ

  • 08.01.2025

Meta корпорациясының негізін қалаушы Марк Цукерберг өз платформаларындағы цензураның шектен шыққанын айтты. Ол енді үшінші тарап фактчекерлерінің қызметтерінен бас тартып, иммиграция, гендер мен гендерлік сәйкестік сияқты тақырыптарға қатысты шектеулерді алып тастауға шешім қабылдады. Бұл туралы ВВС жазды.

Цукерберг «сөз бостандығы мәселесінде түпнұсқа принциптерге қайту керек» деп мәлімдеді және фактчекерлерді саяси көзқарасқа иілгіш деп атады. Community Notes атты жаңа жүйе тек пайдаланушылардың пікірлерін негізге ала отырып, посттардың дұрыс-бұрыстығын тексеруге мүмкіндік береді. Бұл жүйе бұрынғы Twitter-ге ұқсас болып, қолданушыларға даулы пікірлерге түсініктемелер қосуға және оларды бағалауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта тек АҚШ-тағы пайдаланушылар үшін қолжетімді болады.

Цукерберг әлемнің әртүрлі елдеріндегі цензураға қатысты пікір білдіріп, АҚШ-ты сөз бостандығын қорғаудың ең жоғары деңгейін сақтап отырған ел деп атады. Ол болашақта АҚШ үкіметімен бірігіп, өзге ел үкіметтерінің компанияларға қойып жатқан цензуралық талаптарына қарсы тұратынын айтты.

Компания автоматты фильтрлерді тек террористік әрекеттер, есірткі саудасы және балаларға қатысты қылмыстар үшін қолданады, ал басқа жағдайлар бойынша қарсы тараптың шағымдарын тексеру арқылы әрекет етеді.

Дегенмен Meta саясатындағы өзгерістерді сынаушылар қатары да аз емес. Айталық, Full Fact компаниясы өз қызметкерлеріне қатысты айыптаулардың әділетсіз санайтынын мәлімдеп, жаңа шешімнің әлемде теріс салдары болатынын айтты.

Фото: REUTERS