457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Дариға Назарбаева Астанадан Дубайға немерелерімен ұшып кетті - журналист

Журналист Сырым Итқұлов өзінің Telegram-арнасында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаеваның әуежайда кезекте тұрған суретін жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның мәліметінше, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева немерелерімен бірге Дубайдан Астанаға ұшып кеткен. Фотосуретке қарағанда, олар Air Astana әуе компаниясының бизнес-класын таңдаған.

2022 жылғы қаңтардағы оқиғадан кейін Назарбаевтар отбасы қоғамдық кеңістіктен көрінбей кетті. Назарбаевтар әулетімен БАӘ-ге кетіп, онда ұзақ уақыт тұратыны айтылған еді.

8 наурыз қарсаңында «Курсив» Қазақстандағы ең бай әйелдердің тізімін дайындады. Дариға Назарбаеваның байлығы 590 миллион долларға бағаланған.

Фото: телеграм - syrymitkulov